KazUnite – Украинадағы соғыс Қазақстандағы Fcaebook желісінде елді деколонизациялап, Ресей ықпалынан азат етуді талап еткен посттар санының артуына ықпал еткен. АҚШ-тағы Kazunite компаниясы жүргізген контент талдауы нәтижесі осыны көрсетті.
Компания ұжымы Facebook-тегі Қазақстанда деколонизацияның жүруін талап еткен посттарды, ондағы басты тақырыптарды, сонымен бірге осы тақырыптағы жазбалардың Ресей Украинаға шабуыл жасағанға дейінгі және кейінгі кездегі жағдайын салыстырып қарау үшін арнайы талдау жүргізген. талдауға әуелі Facebook-тегі белсенді 60 профильді таңдап алған екен. Олардың басым көпшілігі қазақ тілінде пост жазатындар. Профиль иелері – журналистер, әдебиетшілер, ғалымдар, әр түрлі қоғамдық қызметтерде жүрген, әлеуметтік желіде белсенді азаматтар.
Таңдалған 60 профильден 2023 жылы Украинада соғыс басталғаннан кейін деколонизация тақырыбында посттар жарияланған 45 парақша таңдап алынған.
Украинадағы соғыстың контентке ықпалын анықтау мақсатында зерттеу тобы соғыс басталған 2022 жылдың 24 Ақпаны мен 10 Наурызы аралығын назарға алған. Сонымен бірге, “соғысқа дейін” және “кейін” деколонизация тақырыбында қанша пост жарияланып, контент қалай өзгергенін тексеру үшін дәл 2021 жылғы осы уақыт пен 2022 жылғы дәл осы уақыттағы контентті салыстырған.
“Егер біз соғысқа дейінгі және басталғаннан кейінгі кезеңді зерттеу үшін 2022 жылғы 24 ақпанға дейінгі және кейінгі кезді алсақ, онда шындыққа жақын нәтижиге жету қиын болатын еді. Өйткені, 2022 жылдың басында елде басқа да оқиғалар болды. Контент сол оқиғалардың ықпалында болды. Сол себепті біз екі жылдың бірдей уақытын қамтылды” дейді Kazunite директоры Нәзира Байырбек.
Сонымен екі кезеңде 45 профльден деколониязацияға қатысы бар 353 пост іріктеліп алынған. Олардың 118 пост 2021 жылы 24 ақпан мен 10 наурыз арасында жарияланған болса, 2022 жылы дәл осы уақыт аралығында 235 пост жарияланыпты.
Қазақ қоғамы деколонизация қай бағытта жүруін талап етеді?
Контентті кодтап талдау барысында Қазақстанда деколонизацияны жалғастыруды талап етіп әлеуметтік желіде пост жазғандар деколонизацияның барлық бағытта жүруін талап еткен.
Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, жалпы 353 посттың 40.9%-ы мәдениет, тарих, ұлттық болмысты қайта жаңғырта отырып сананы отарсыздандыру мәселесін көтерген.
Контенттің 33.2%-і экономика және саясат тұрғысында отарсыздану және өзін өзі басқару, мемлекет ретінде өз ұстанымын, позициясын өзі айқындау талабы қойылған. Посттардың 30,4%-ы мемлекеттік тілді дамыту отарсызданудың басты саласы ретінде қамтиды. Бұдан кейін шекара қауіпсіздігін нығайту, солтүстік облыстарға этникалық қазақтарды көшіру, орыстандыруды тоқтату талабы жиі қозғалған. Бұл тақырыптағы посттар талданған контенттің 11.6%-ын құраған.
Қазақстанды толық отарсыздандыру үшін, пост-империалистік Ресейдің ықпалын жою үшін елді Ресеймен интергациялап отырғаан халықаралық ұйымдардан шығуды талап еткен посттар 8%, білім саласын отарсындандыру мәселесі 6,5%, ақпарат саласын Ресей пропагандасынан тазарту үшін Ресей телеарналарын жабу сынды талапқа негізделген посттар 5.5% болған. Ал елдегі қала атаулары мен көше атауларын қазақшалау 0.9%-ды құраған.
Украинадағы соғыстың ықпалы
Зерттеу нәтижесі Ресейдің Украинаға шапқыншылығынае кейін Facebook желісінде Қазақстанда деколонизацияның жалғасуын талап етілген посттар саны екі есе артқанын көрсеткен. 2021 жылы таңдап алынған екі аптада осы тақырыпта 45 профильде 118 пост жарияланса, 2022 жылыс Украинада соғыс басталғаннан кейін 235 пост жарияланған.
Соғысқа дейін деклонизацияға қатысты талап пен тілек айтылған постардың басым бөлігі мемлекеттік тіл – қазақ тілінің қолданысын кеңейту, жер-су атауларын қазақшалау болса, соғыс басталғаннан кейін бұл тақырыптағы посттар саны жағынан кейінге ысырылып, есесіне жаңа талаптар жиі қойылған.
Атап айтқанда, Ресейдің басқыншылық соғысына куә болған ҚР азаматтары Қазақстанды Ресеймен байланыстыратын ұйымдардан шығу, Ресейдің пропагандалық телерналары Қазақстанда таратылуына тыйым салу маңызды деп тапқан. Осы бағытта жаңа қадамдар талап еткен посттар жиі байқалған.
KazUnite компаниясының зерттеу нәтижесі жалпы Ресейдің Украинаға басқыншылық соғысы пост-кеңестік елдердің, соның ішінде пост-кеңестік Қазақстан азаматтарының елді барынша Ресей ықпалынан тазарту, бұрынғы тоқтап қалған отарсыздандыру үрдісін жалғастыру және оны барлық салада жүргізу қажет деген пікірі мен талабын жариялаған.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандағы отарсыздандыру тақырыбында түрлі зерттеу жүргізген батыстық ғалымдар Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін бұл елде отарсыздандыру процесі басталып, бірақ аяқталмай қалғанын жазған болатын.