АқпаратЕлордада Ербол Іргебай атындағы дәрісхана ашылды

Елордада Ербол Іргебай атындағы дәрісхана ашылды

 

АСТАНА. KazUnite – Тілдер мерекесіне орай Астана қаласында тіл жанашыры, қайымтанушы ғалым, ұлағатты ұстаз Ербол Іргебай (1962-2021) атындағы дәрісхана ашылды.

Шараға жазушы, филология ғылымдарының докторы, алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай, Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру департаменті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Қайырбек Кемеңгер, композитор Кентау Назарбек, қалалық білім беру қызметкерлері, кәсіподақ ұйымының басшысы Батыр Әлиұлы, Астана қаласы бойынша әдістемелік орталық әдіскері Күнімбала Баяхметбаева, Ербол Ісләмұлының үзеңгілес достары, ардагер ұстаздар Жұмағазы Әзенұлы, Гамиль Магажирұлы, ғылым докторы Берікхан Ісбекұлы, ақын Бекмұрат Өмірбекұлы және Ербол Іргебайдың зайыбы Қымбат Мұқанқызы мен балалары, туыстары қатысты.

Фотода Ербол Іргебайдың отбасы мен туыстары

Елордадағы Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде ашылған дәрісхана Ербол Іргебайдың ұстаздық еткен жылдарындағы еңбектерімен толықты.

Шара барысында Тұрсын Жұртбай жиналғандарға Абай туралы дәріс оқыды. Рухани кеште Ербол Іргебайдың ұстаздық жолындағы еңбектері айтылып, өмірі мен шығармашылық қызметі жайында бейнеролик көрсетілді.

№40 мектеп-лицейінің директоры Сәуле Үйсімбаева аталған білім ордасын болашақта ұлттық мектепке айналдыруды мақсат тұтып отырғанын атап өтті.

Бұл мектепті Ербол Іргебай 2005-2018 жылдары басқарған болатын. Осы жылдар ішінде мектеп білім сапасы бойынша Астанадағы ең жоғары көрсеткішке қол жеткізген.

Ұлағатты ұстаздың жас мамандарға айтқан өсиеті туралы мақаланы осы сілтемеден оқи аласыздар.

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...