АқпаратВашингтонда қазақ қолөнершілерінің жұмыстары таныстырылды

Вашингтонда қазақ қолөнершілерінің жұмыстары таныстырылды

 

ВАШИНГТОН. KazUnite – АҚШ астанасының төрінде6 Капитолий мен Вашингтон мемориалының қақ ортасында қазақтың қолөнершілері жұрт назарын өзіне аударды. Онда қазақ қолөнершілерінің жұмыстары кеңінен таныстырылды.

6-9 шілде күндері қазақ қолөнершілері америкалықтар мен әлемнің 100-ден аса елінен келген туристерге шеберлік сабақ ұйымдастырып, өздері жасаған бұйымдарды көрсетті.

Жалпы, Смитсон фальклорлық фестивалі аясында өткен «Тәңір әлемі» бағдарламасына қазақстандық қолөнершілер «Шеврон» компаниясының қолдауымен келген.

Қазақстанның АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі Ержан Ашықбаев бұл жерде Орта Азиядан тек Қазақстанның ғана экспозициясы тұрғанын атап өтті.

Смитсон халықтық фестиваліне 800 шебер келді. Олар киіз басу, кесте тігу, тоқыма, ағаш өңдеу, музыкалық аспаптар жасау сияқты көнеден келе жатқан ұлттық бай мұраны таныстырды.

«Фестивальдің екінші күнінде-ақ біздің жанкүйерлеріміз пайда болды. Күні бойғы уақыттарын бізбен бірге өткізген олар тағы да бірдеңе үйренуге ниетті екендіктерін білдіріп, екінші қайтара келіп жатыр. Қолөнершілеріміздің жасаған бұйымдарына қызығушылық өте жоғары», – деді Қазақстан қолөнершілері одағының төрайымы Айжан Бекқұлова тілшілерге берген сұхбатында.

Көнеден келе жатқан ырым аластауды да америкалықтар мен шетелдік туристер таңдана тамашалады. Киіз басу өнеріне куә болған олар өздері де арнайы инемен жүн талшықтарын нығыздап көрді.

Мұндайды алғаш рет көріп тұрғанын айтқан Вашингтон тұрғыны Земи керемет әсерге бөленгенін жеткізді.

Жыл сайын өтетін мәдени шараға АҚШ-тың 50 штатынан бөлек, әлемнің 100-ден аса елінен туристер келеді.

 

Соңғы жазбалар

ЖИ және мемлекеттік басқару: Орталық Азия мен АТМ елдері Корея тәжірибесін зерделеуде

0
Орталық Азия, Кавказ және Азия-Тынық мұхиты өңірлерінен келген 12 елдің 30-дан астам мемлекеттік қызметшісі цифрлы мемлекеттік басқарудағы жасанды интеллект бойынша Кореяның озық тәжірибесін зерделеу...

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Редакция поштасынан: Қос бәйтерегімнің асыл бейнесі

0
Редакциямызға келіп түскен Назгүл Мауытханқызының ата-анасы жайлы мақаласын оқырман назарына сол қалпында ұсынамыз. Қос бәйтерегімнің асыл бейнесі Тәтті балалық шағым.  Алаңсыз, уайымсыз күндерім. Ыстық ұямдағы ...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...