АқпаратАбай облысындағы алапат өрт: Әуеден 4000 тонна су төгілді

Абай облысындағы алапат өрт: Әуеден 4000 тонна су төгілді

 

АБАЙ ОБЛЫСЫ. KazUnite – Үкімет отырысы Абай облысындағы орман өртінен қаза тапқан азаматтарды бір минуттық үнсіздікпен еске алудан басталды.

Аймақтағы қазіргі ахуал туралы облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев баяндама жасады.

Әкімнің сөзінше, өрттің жалпы ауданы шамамен 60 мың гектарды құрайды, оның 43 мың гектары белсенді термо нүктелер. Елді мекендерге қауіп жоқ.

«Өртті сөндіру 3 бағытта жалғасуда. Шығыста, ауыр техникамен өртке қарсы үзілістер жасау үшін орманды кесу жүргізілуде. Басқа екеуі бойынша жету қиын жерлерді ескере отырып сөндіру жаяу және тікұшақтармен жүзеге асырылады. Жалпы, өртті жоюға 1788 адам, 345 бірлік техника және 15 тікұшақ жұмылдырылды. Техниканы отынмен қамтамасыз ету үшін әкімдік 20 тонна ЖЖМ жіберді, тағы 50 тонна Kaz Minerals компаниясы есебінен қамтамасыз етіледі», – деді Ұранхаев.

Әкімдіктің дерегінше, өртті сөндіру жұмыстары басталғалы бері өрт ошақтарына әуеден 1320-дан аса рет жалпы көлемі 4000 тоннаға жуық су төгілді.

Бұлақ, Талица, Половинки елдімекендерінен тұрғындар (463 адам) эвакуацияланды. Көшіру орындарында полиция қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды.

Тұрғындар Семей қаласы мен Бородулиха ауылының эвакуациялық пункттерінде оорналастырылды.

Өрт сөндіруге тартылған және эвакуацияланған азаматтар үшін азық-түлік жеткізілуде.

Жоғалған тракторшы С. Архиповты іздеу жалғасуда. Полиция қызметкерлері оның орналасқан жерін анықтау бойынша жұмыс жүргізуде.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Успенский орман шаруашылығының қаза тапқан 14 жұмысшысының отбасыларна көмек көрсету жүргізілуде. Әр отбасына бюджет және бюджеттен тыс қаражат шеңберінде қажетті көмектің дербес карталары жасалды. Сонымен қатар зардап шеккендерге көмек көрсету және өрт салдарын жою үшін арнайы «Ақ Ертіс» қайырымдылық қорында шот құрылды.

Барлық мемлекеттік төлемдер уақтылы және толық көлемде көрсетілетін болады.

Дереккөз: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

 

Соңғы жазбалар

Қазақстанда мемлекеттік коммуникацияда жасанды интеллектті қолдану жөніндегі алғашқы цифрлы гайд жарық көрді

0
Астана мемлекеттік қызмет хабы «Мемлекеттік коммуникациядағы жасанды интеллект» цифрлық нұсқаулығын шығарды. Бұл – мемлекеттік сектордағы баспасөз хатшылары мен қоғаммен байланыс мамандарына арналған осындай алғашқы...

АҚШ-та тұңғыш рет қазақтардың құрылтайы өтеді

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – Америкадағы қазақтардың тұңғыш құрылтайы 2025 жылдың 3 тамызында Нью-Йорк қаласында өтеді. Құрылтайды Нью-Йорк штатындағы «Қазақ Америка орталығы» ұйымдастырады. Орталықтың төрағасы Бейбітхан Бөрінің...

АҚШ-та білім алу: қазақстандықтар неге Американың білімін таңдайды?

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - ЮНЕСКО Статистика институтының (UIS UNESCO) мәліметінше, университеттер студенттерді тарту үшін жаһандық деңгейде бәсекелес болғандықтан, әлемде жоғары білімге деген сұраныс артып келеді....

Досқа да, дұшпанға да үлгі болған Имам Хомейни

0
АСТАНА. KazUnite - Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Али Акбар Талеби Матиннің Сейіт Рухолла Хомейни хақындағы мақаласын оқырман назарына...

Мемлекеттік органдар халықпен байланысты ЖИ арқылы жақсартады

0
Астанада орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар баспасөз хатшыларына арналған «Халықпен тиімді коммуникация үшін жасанды интеллект» тақырыбында үш күндік семинар-практикум өтті. Семинар барысында қатысушылар мемлекеттік...