АқпаратЭнтони Блинкен мұсылмандарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Энтони Блинкен мұсылмандарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

 

ВАШИНГТОН. KazUnite – АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Дж. Блинкен барша мұсылман қауымын Ораза айт мерекесімен құттықтады.

«Мемлекеттік департамент пен Америка халқының атынан біз АҚШ-тағы және бүкіл әлемдегі мұсылмандарды Ораза айт мерекесімен құттықтап, жылы лебізімізді білдіргіміз келеді. Осы ретте қауымдастықтар Рамазан айындағы, ораза кезіндегі қайырымдылық шараларынан алатын терең рухани, қоғамдық және гуманитарлық артықшылықтарды айтып жатады. Отбасылар мен қауымдастықтар дұға ету, мерекелік тағамдармен бөлісу және сыйлықтармен алмасу үшін жиналса, бұл бүкіл әлемдегі мұсылман мәдениеттері мен дәстүрлерінің алуан түрлілігіне тән күш пен төзімділікті тануға мүмкіндік береді. Ораза айт бізге жанашырлықтың және бірліктің маңыздылығын, діндер мен ұлттардың шеңберінен шығатын құндылықтарды еске салады», – деді Энтони Блинкен.

Сонымен қатар ол бұл күннің бейбіт қауымдастықтар құруға деген ортақ міндеттемелер туралы ойлануға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Осы күнді жақсылықпен өткізе отырып, қақтығыстар, зорлық-зомбылық, қудалау немесе гуманитарлық дағдарыстар салдарынан үйлерінің қауіпсіздігі мен жайлылығын да қамтамасыз ете алмай жүргендер туралы ұмытпайық. Америка Құрама Штаттары барлығына бейбітшілікті, әділеттілікті және діни бостандықты насихаттауға деген ұмтылысында мызғымас күш болып қала береді. Сіздерге Ораза айт мерекесі құтты болсын! Қуанышты сәттеріңіз көп болсын деп тілейміз. Айт мүбарак болсын!» – деді АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы.

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...