АқпаратКремль поляк әскерінің Беларусь шекарасына орналасуына алаңдаулы

Кремль поляк әскерінің Беларусь шекарасына орналасуына алаңдаулы

 

МӘСКЕУ. KazUnite – Кремль Польшаның әскерін Беларусь шекарасына жіберуіне алаңдаулы екендігін мәлімдеді, деп хабарлады Interfax.ru.

Брифингте БАҚ өкілдері Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың Польша Қарулы күштері екі бригадасының Беларусь шекарасына қайта орналасуына түсініктеме беруді сұрады.

«Әрине, бұл алаңдаушылық тудырады. Шынында да бұл – Беларусьқа, Ресей Федерациясына деген агрессивті көзқарас, дұшпандық қарым-қатынас. Әрине, бұл назар аудартуға себеп», – деп жауап берді Песков.

18 шілдеде Польшаның Қорғаныс министрі Мариуш Блащак екі қосымша бригаданың шекараға жіберілуінің себебін «Вагнер» жасағы Беларусь еліне кіргендіктен, Польшаның шығысын күшейту қажет болғанымен түсіндірген.

 

Соңғы жазбалар

ЖИ және мемлекеттік басқару: Орталық Азия мен АТМ елдері Корея тәжірибесін зерделеуде

0
Орталық Азия, Кавказ және Азия-Тынық мұхиты өңірлерінен келген 12 елдің 30-дан астам мемлекеттік қызметшісі цифрлы мемлекеттік басқарудағы жасанды интеллект бойынша Кореяның озық тәжірибесін зерделеу...

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Редакция поштасынан: Қос бәйтерегімнің асыл бейнесі

0
Редакциямызға келіп түскен Назгүл Мауытханқызының ата-анасы жайлы мақаласын оқырман назарына сол қалпында ұсынамыз. Қос бәйтерегімнің асыл бейнесі Тәтті балалық шағым.  Алаңсыз, уайымсыз күндерім. Ыстық ұямдағы ...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...