АқпаратАмерикалық оралмандар. Олар кімдер?

Америкалық оралмандар. Олар кімдер?

 

НЬЮ-ЙОРК. Америка Құрама штаттарына бала туу үшін ғана баратындар бар. «Туу туризмінің» арқасында жыл сайын АҚШ азаматтарының қатары 36 мыңға өсіп отыр, деп хабарлайды KazUnite тілшісі ашық дереккөздерге сілтеме жасап. Олардың санын осылай көбейтуге үлес қосып отырған қазақ әйелдері де бар.

«Туу туризмі» және Америка

«Туу туризмі» деген ұғым әлемде бар. Жалпақ тілмен айтқанда, әйел баласын дүниеге әкелу үшін ғана бір елге немесе бір қалаға саяхаттап барып, сонда босануды мақсатты түрде көздейді. Әлбетте, баласына сол елдің азаматтығын әперуді қалайды. Дегенмен халқының саны көп, әрі ұлттық бірлік пен қауіпсіздікті жоғары орынға қоятын елдер мұндай қадамдарды қолдамайды, «туу туризмін» барынша шектеуге тырысады. Мәселен, Аустралия, Франция, Пәкістан, Германия, Ирландия, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Африка және Ұлыбритания туу туризміне тосқауыл қойған. Аталған елдерде дүниеге келген кез келген сәбидің ата-анасының біреуі жергілікті елдің азаматы немесе сол елдің тұрақты тұрғыны болған жағдайда ғана сәбиге азаматтық береді. Әсіресе, Германия азаматтық беру мәселесіне қатаң қарайды.

АҚШ – әлемдегі халқының саны көп елдердің бірі. Мұнда 330 миллионнан аса адам тұрады. Магнитизмі өте жоғары бұл ел осыған қарамастан туу туризміне шектеу қоймаған. Жыл сайын АҚШ-қа турист болып келген аналардан туатын 36 мың бала – сол «жұмсақтықтың» жемісі. Айта кетерлігі, «туу бизнесі» ешқандай заңмен белгіленбеген.

АҚШ-тың иммиграциялық заңнамасы жүктілікті кез келген сырқат түрлері сияқты медициналық көмек ретінде қарастырады. Емделу үшін АҚШ-қа шетелдіктер B2 визасымен кіретін болса, босануға баратындар да тура сол тәртіппен келеді. Мұнда да емге келген басқа науқастар сияқты жүкті аналар құжат рәсімдеп, өзінің перзентханада босану шығынын өз қаражатымен немесе жеке медициналық сақтандыру арқылы төлей алатынын дәлелдеуі қажет. Бір сөзбен айтқанда, «туу туризмі» емхана, перзентхана қызметін тұтыну, гинекологтар мен басқа да дәрігерлерге қаралу себебін көрсететін медициналық туризм аясында заңдастырылған.

Мұндай виза алу үшін АҚШ-тағы перзентханамен, емханамен келісімшарт жасасу, әрине, негізінен екі ортада делдалдық ететін агенттік компаниялар арқылы жүргізіледі.

Америкаға барып бала тууды ұсынатын агенттік қызметтің ең арзаны Нигерияда екен. Деректер мұндағы бағаны 6000$ аясында екенін растайды. Алайда Америкаға келіп бала туу кейбір жандар үшін 80 000 $-ға дейін барады. Соған қарамастан осы елге келіп, баласын осында тууға ұмтылатындар көп. Олардың арасында жоғары ақы сұрайтын компаниялардың бірқатары – Қытай агенттіктері.

Әйелдер АҚШ-та тууды неге армандайды?

Дүниежүзінде көптеген азаматтар Америкаға бір баруды армандайды. Бұйыртып жатса – заңды жолмен, жолын таппаса басын қауіпке тігіп, мұхиттың асау толқындарымен арпалысып қайықпен болса да жүзіп, құрлық асып Америкаға баратындардың бәрінің кеудесінде өз арманы бар. Қалталы отбасының әйелдері үшін медицина туризмі аясында құжат әзірлеп, қымбат болса да, баласын Америкаға кеп туу – сол арманға жетудің бір төте жолы іспетті.

Америкаға келіп туудың практикалық артықшылықтары мен игіліктері көп. Алдымен, АҚШ Конституциясының 14-і бабы рұқсат етіп тұрғандай, Америкаға келіп босанса, баласы автоматты түрде АҚШ азаматтығын алады. Екіншіден, сол бала 21 жасқа толған соң,  халықаралық неке және отбасы заңнамасы аясында «отбасын біріктіру» талабымен, баланың ата-анасы да АҚШ-қа қоныс аударып, АҚШ азаматы бола алады. Үшіншіден, АҚШ азаматтығын алған адам әлемдегі 174 мемлекетке визасыз кіре алады. Төртіншіден, АҚШ азаматтығын алған бала осындай алып елде сапалы білім, денсаулық сақтау қызметтерін тұтына алады. АҚШ азаматтығының арқасында елдегі жеңілдіктерге қол жеткізіп, түрлі стипендияларға, гранттарға ұмтыла алады. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметке барғысы  келсе, оған да жол ашық.

Америка турист-аналардан туған балаларға азаматтық бергісі клемейді

Статистикалық көрсеткіштерге сүйенсек, Америкаға заңды түрде туристік визамен келіп бала туатын әйелдердің көбі Қытай, Тайвань, Оңтүстік Корея, Нигерия, Түркия, Ресей, Бразилия және Мексика елдерінен екен. Алайда олардың арасында заңсыз келетіндер көп. Сондықтан да экс-пезидент Дональд Трамптың тұсында АҚШ билігі Америка аумағында туған кез келген балаға АҚШ азаматтығын беруді шектеу туралы ұсыныс қозғалды. Ол әлі талқылану үстінде.

Америкада туған кез келген балаға АҚШ азаматтығын беруді тоқтату керек дейтіндер: «сайып келгенде бұл АҚШ ұлттық қауіпсіздігін қорғау», деп есептейді.

Ақ үйдің бұрынғы баспасөз хатшысы Стефани Гришам бір мәлімдемесінде:

«Америкаға келіп босанған әр әйелдің баласына АҚШ азаматтығын беруді тоқтату бұл сайып келгенде америкалық салық төлеушілерді өздерінің еңбекпен тапқан қаржысын  жалпы туризммен байланысты тікелей және жанама шығындарды қаржыландыруға жұмсаудан қорғайды. Америка азаматтығының тұтастығы қорғалуы керек» деп түсіндірді.

Сонымен қатар АҚШ-та туған кез келген балаға азаматтық беруді тоқтату жалпы туризм индустриясымен байланысты қылмыстық әрекеттерді жоюға көмектесетіні хабарланған. Өйткені федералды сараптау қорытындылары бойынша, шетелдік азаматтардың Америка Құрама Штаттарына кіру үшін турист визаларын сұрайтын және консулдық қызметкерлерге сапарларының ұзақтығы, қайда тоқтайтыны және сапарының мақсаттары туралы өтірік айтатыны анықталған. Көп әйел АҚШ-қа визаға құжат тапсырғанда тіпті медициналық анықтаманы жалған жасатып, өзінің жүкті екенін жасырып қалатын көрінеді.

Америка үкіметінің шетелдіктердің бала тууды қолдамауының тағы бір себебі, олардың АҚШ бюджетіне салатын салмағында жатыр. Студент болып, заңсыз иммигрант болып немесе консулдыққа жалған ақпарат беріп, туристік визамен келіп, кейін қалып қойғаннан кейін осы елде босанатын әйелдер медициналық сақтандыру шығындарын толық төлегісі келмейді. Мәліметтер бойынша, штаттарда босану құны 8 мың мен 30 мың доллар аралығында. Алайда «туу туризмі» аясында агенттіктерге 80 мың $-ға дейін төлесе де, кейбір әйелдер перзентханада босану кезіндегі сол 8 мың $-дың өзін төлемеудің жолын іздейді екен. Осындай істер бойынша сот алдына баратын әйелдердің де саны өте көп.

Көп жағдайда АҚШ-та бала туған шетел азаматтары тұрмысы төмен азамат ретінде құжат жинап, кеткен шығынның 4000$-ын ғана төлейді деседі кейбір деректерде.

P.S: АҚШ-та тұрақтап қалып жатқан қазақ азаматтары, соның ішінде қазақ әйелдерінің де АҚШ демографиясына қосатын үлесі артып жатқаны анық. Елде қанша қазақ баласы дүниеге келгені жайлы анық мәлімет жоқ. Әсіресе, «Болашақ» халықаралық стипендиясымен барып жатқан жас отбасылардың бірқатары алып Америкаға екеу боп барып, үшеу, төртеу болып қайтып жатады. Қолда диплом, құшақта сәби. Ең бастысы, сол сәбилер, америкалық кішкентай оралмандар Америка азаматы болса да, ата-анасының құшағында атажұртына оралып, қалың қазақтың қарасын көбейте бергей!

Гүлмира Аймағанбет

 

Соңғы жазбалар

«Қай жерде емес, қандай ақпарат айтқаның маңызды»: New York Film Academy құндылығы неде

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы «Таңшолпан» таңғы ақпаратты-сазды бағдарламасының және Ауа райы болжамының жүргізушісі, «Болашақ» Халықаралық стипендиясының иегері, New York Film Academy түлегі...

Моңғолиядағы Баян-Өлгий аймағының әкімі болып этникалық қазақ тағайындалды

0
БАЯН-ӨЛГИЙ. KazUnite - Моңғолия премьер-министрінің бұйрығымен Баян-Өлгий аймағының әкімі қызметіне Заңғар Есентайұлы тағайындалды. Бұл туралы Kaznews ақпарат агенттігі хабарлады. Аталған БАҚ-тың дерегіне сүйенсек, жаңадан сайланған Баян-Өлгий...

TPAМПлин бe, тықыp тaянy мa: Дoнaльд Tpaмптың билiккe кeлyi әлeмгe қaлaй әcep eтeдi

0
HЬЮ-ЙOPК. KazUnite - Қaй кeз бoлcын әлeмнiң нaзapынaн әcтe тыc қaлмaйтын Aмepикa Құpaмa Штaттapы биылғы қapaшa aйы бacтaлғaлы бepi тiптeн жaһaнның бacты жaңaлығынaн түcпeй...

Қазақстанда Мемлекеттік сатып алуда қандай өзгерістер болып жатыр

0
АСТАНА. KazUnite - Мемлекеттік сатып алу – жаңашылдықтарды, озық технологиялар мен отандық өндірісті ілгерілетуге ықпал ететін тиімді тетік. Осыған орай ҚР Қаржы министрлігі өңірлерде...

Орталық Азия мен Қытай мемлекеттік басқару саласындағы ынтымақтастығын нығайтуда

0
Бейжіңде Қытай және Орталық Азия елдері: Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан және Тәжікстанның мемлекеттік басқару академиялары басшылары қатысуымен семинар өтті. Онда жиналғандар мемлекеттік басқару саласындағы...