Редакциямызға келіп түскен Назгүл Мауытханқызының ата-анасы жайлы мақаласын оқырман назарына сол қалпында ұсынамыз.
Қос бәйтерегімнің асыл бейнесі
Тәтті балалық шағым. Алаңсыз, уайымсыз күндерім. Ыстық ұямдағы анамның ыстық құшағы, мейірімі жылдар өтсе де күні кешегідей болып, санамда мәңгілікке қалды. Анамның сол бір жарқын бейнесі бір сәтте есімнен шыққан емес.

1983 жылдың маусым айы. Қаһарлы қыстан аман шығып, көй майса көктемнен де өтіп, жаздың алғашқы маусым айы міне келді дегенде аспан айналып, жерге түскендей болды. Анама аяқ асты кенеше жабысқан дерт төсекке танды. Анам дертінен жазыламын деген үмітте болып еді. Анамыздың үмітін өшірмей, әкем мен үлкен апайларым мен ағаларым ауруын асқындырмай, еміне шипа іздеп, шарқ ұрды. Бөлмесіне кіргенде анашымның қос жанары жәутеңдеп, үй ішіндегілерден үміт күтіп, жазылсам екен деген тілеумен төсегінде дертімен күресіп жатты.
Естуімше, ол кезде мединцинаның бүгінгі кезіндей емес, білікті маман мен мықты дәрінің тапшы кезі еді. Анама ауыл мен қаладағы дәрігерлерден еміне көмек болмағаннан кейін бақсы-балгерлерге да апарып, жазылады деген үмітпен жүрдік. Анамыз айлап төсекке танылып, дертімен күресіп, кірпік қақпай таң атыратын. Жанын жегідей жеген сырқат анама «ерттеп, мініп», өзінің тұзағына түсірді. Айықпас дерттің құрсауында қалған анашымның қос жанарының сәулесі де алыстап бара жатқандай еді. Бір сәт төсегінен тұрып, дастархан басына келіп, балаларымен шүйіркелесіп шай ішуге ниеттенсе де, сүлікше жабысқан дерт тұрғызбады. Ауруы жанына батса да, балаларына сыр білдірмей «бәрі жақсы», «бүгін жақсымын, алаңдамаңдар, жұмыстарыңнан, сабақтарыңнан қалмаңдар» деп аурруына шыдас беріп, бір өзі күресіп жатты. Ұзақ түнді кірпік қақпай өткізіп, таңның атқанын қуана қарсы алып, балаларының жұмыстан, сабақтан келуін күтіп, төсегінде жатып, күлімдеп қарсы алатын.
Анашым, қандай шыдамды едің … Дертімен күресіп жатса да, үй тірлігін, әр баласының қамын ойлап, жан ұшыратын. Өзінің асқа тәбеті болмай, көңіл хошы болмай тұрса да, дұға-тілектерін жанына медет қылып, әкем мен әр баласының ыстық тамақтарын ішіп, көңілдерінің жайланғандарын тілеп жататын. Ауруы жанына қанша батып жатса да, қос жанарынан бізге сыр білдірмей, көзіне келген жасты қабырғаға теріс қарап жатып, сүртіп алатын. Бөлмесіне кіргендерге басын ғана көтеріп, қолын созып, қасына отырғызып, ыстық құшағына қысып, мауқын басатын. Ауырып жатса да, балаларына ақылын айтып, әр баласымен жеке сөйлесіп отыратын. Анамыздың қасында көңілін аулап, біреуіміз отырсақ, қалғанымыз есіктің бер жағында күтіп тұратынбыз. Үмітіміз анамыздың дертінен айығып, басын көтеріп, орнынан тұрғаны еді. Бірақ күннен-күнге үміт оты өшіп, үйдің ішінде тіршілік те тоқтап бара жатқандай болды. Аяқ асты кенеше жабысқан дерт анамызды дәрменсіз күйге түсіріп, сырқат тұзағынан шыға алмады. Анамның аппақ төсекте әдемі болып жатқан бейнесі ерекше еді. Ұзын шашы, күлімдеген жанары, күлімдеген жанырында тығылған ыстық жасы, жылы жүзі үйдегі тіршілікке нәр беріп, күн нұрындай жарқырап тұратын. Бірақ анамыздың сәулесі, жылуы бірте-бірте сөнуге жақындап келе жатты. Балаларының тілеуі анамыздың сәулесін сөндіріп алмау еді. Анамызды жазылады деген үмітіміздің біртіндеп өшіп бара жатқанын білмедік. Бәлкім, үйдегі үлкендер біліп, балалықпен мен білмеген шығармын. Білсек те, мойындамадық. Жүрегіміз бір жамандықты сезетіндей, айналшықтап анамыздың қасынан шықпадық. Соңғы кездері анамыздың өзіне де, бөлменсінің есігіне де маза болмап еді. Анамыздың халін сұрауға ағайын-туыстар, көрші-қолаңдардың да келуі жиілей бастады. Келгендер анамыздың көңілін аулап, бәрі жақсы болады деп үміт сыйлап кететін. Анамыздың сол сәттерде бәрімен қимай қоштасып жатқан кезі екен ғой. Қайран анашым. Анамның басына үйірілген қара бұлт арасында сейілгенімен, қайта келер жолын ұмытпаған екен.
1983 жылдың 9 маусымында анашым ажалдың тырнағына ілініп, мәңгілік мекеніне кете барды. Бұл сәтте өмірім тоқтап қалғандай болды. Ақыл-есім сау болса да, анамның кеткенін мойындамадым. «Бұл мүмкін емес, жанынан артық көретін балаларын тастап кете баруы мүмкін емес, әлі тірі шығар» деп әркімге жәутеңдеп қарай бердім. Үйдің іші азан-қазан болып, аспан айналып, жерге түскендей болды. Есіктің алдына киіз үй құрылып, бәрі анамды жоқтап жатқанда есіктің саңылауынан анамды қарап, жанды бейнесін көргім келді. Ақырын есігіне жақындап, ұрлана кіруге үлкендерден тайсалып, беттей алмадым. Түсте сабаққа кеткенде аман жатқан анашымның екі кештің арасында бақилық болғанын естігенде күдіктен үміт басым еді. Мүмкін емес, анам менің тірі, бөлмесінде деп үйге жанұшыра келгенде, қаптаған кісні көріп, денем мұздап сала берді. Мектептен жүгіріп келген аяғым алдыға жүруге шамасы келмей, сөйлеуге тілім күрмеліп, бір сәт меңіреу күйде қалдым. Ішкі дүнием астаң-кестең болып жатқанын ешкімге білдіргем келмей, үй сыртына барып жылап алып, анамның бөлмесінің терезсін торуылдадым.
Сол сәттен бастап, балалықтың бал даурені аяқталып, тоқтап қалғандай болды. Өзімді аяп, мүсіркегендерге іштей ренжіп, анамды мәңгілікке жіберуге қимадым. Анашым балаларының қызығын көретін шағы 52 жасында мәңгілік мекеніне кете барды. Балаларын оқытып, үй қылып, аяқтандыру, қатарға қосу арманы еді.
Әтттең… Бір кем дүние деген осы шығар.
Анамыздың мейірімін, анамыздың аялы алақанын сағынып, жүрегімізді сағыныш кернеп, алай-дүлей күйде жүрдік. Анамыздың жоқтығын білдітрпеуге әкем шып-пыр болып, өзі ана, өзі әке болып қала берді. Ауыртпалықтың бәрі әкемізге түсіп, жаны жай таппады. Анамыз кетіп, жарым көңіл болып қалған әкеміз әр баласының қамын ойлап, жар құлағы жастыққа тимей, таңның атысы, күннің батысы еңбектен қол үзген жоқ. Жеті баласын оқытып, жеткізу анамыздан әкемізге аманат болып, әкеміз үшін жайбырақат күндер артта елес болып қалғандай болды.
Өмір жүгін өз мойнына алған әкеміз анамыздың мәңгілікке кеткенін мойындап, баллары үшін күш-жігерін жинап, еңсесін көтере бастады. Ана жылуын әкеміздің жанынан тауып, әкеміздің қатал тәртібіне мойынсұна бастадық. Анамыздың момындығын біліп, үйді басына көтеріп шуылдап, еркінсіп жүретін сәттеріміз, әкеміздің қса-қабағына, тәртібіне бағынатын болды. Әкеміздің мінезі қатал болғанымен, жүрегі жұмсақ еді. Басқа балаларынан мені ерекше жақсы көріп, маған келгенде қаталдығы емес, ерекше еркелеткен мінезінің жұмсақтығы басым болды.
Әкеміздің қаталдығын, бәлкім, кейін түсінген болармыз. Анамыздың орнын жоқтатпай, бар жауапкершілікті өзіне алған әкешім өзі үшін емес, балалары үшін өмір сүріп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, бір өзі өсіріп, жеткізді. Оқытып, үйлі қылып, аманатқа қиянат жасамай, балаларын ешкімнен кем қылмай жеткізді. Балалары үшін өмірдің ыстығына да, суығына да шыдас беріп, қара шаңырақтың қасиетін жоғалтпай, түтінін өшірген емес.
Әкеміздің еңбекқорлығы ерекше еді. Таңның атысы жұмысқа кетіп, қас қарая оралатын. Жұмыстан келсе, балаларының қамын ойлап, ұйқысыз таң атыратын. Түнімен есеп жазып, көз ілместен жұмысына қайта кететін. Ерте тұрып, мал жайлап, үй шаруасын реттеп, дала жұмысына аттанатын. Әкеміз өзінің жүрегі қанша жаралы болса да, бір баласына білдіртпеген екен.
Әкеміздің талапшыл болғаны соншалық көз алдында қол қусырып, тектен текке отырғанды жаны сүймейтін еді. «Адам боламыз десеңдер, оқуларыңды жақсы оқып, талпыныңдар. Оқу оқып, білім алыңдар», – деуден еш жалықпайтын. Әкеміздің қатал талабынан жаман болған жоқпыз. Өмірдің тәттісі мен ащысына да төзе білдік.
Ауыл мұғілмдерінен сабағымыз бен тәртібімізді қадағалап, өзінің бақылауында ұстайтын. Балаларының жақсы оқып, жақсы баға алып, жақсы тәртіптерін естігенде масаттанып, көңілі жайланатын. Әкеміздің арманы балаларының білім алып, адал еңбек ету еді. Жеті баласының жеті түрлі мінезіне көніп, бойымызға тек жақсылықты сіңірді. Ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырып, немере сүйіп, анамыздың аманатын орындап, балаларын әке махаббатымен өсірген еді.
Ана махаббатымен ерте қоштассақ та, әке мейірімімен үлкен өмірге қадам бастық. Әрқайсымыз өмірден өз орнымызды тауып, өмірдің түрлі сынақтарынан өтіп келеміз. Адам болған соң өмірдің ащысын да, тұщысын да көреді екенсің. Түрлі сынықта сынбауға, қиындық келсе, қсақайып қарсы алуға анамыздың соңғы сөздері мен әкеміздің тәрбиесі, өнегесі, қатал мінезі үлкен сабақ болды. Әр баласынан үлкен үміт күткен әкеміз бар өмірін балаларына арнап, балаларының тілеуін тілеп, 85 жасында өмірден өтті.
Әкеміз әке-шешеден өзі жалғыз болса да, өмірдің қиындығына мойымаған қайсар жан еді. Соғыс кезінде тылда жұмыс істеп, әке-шешеден ерте қалып, өмірдің ыстығын да, суығын да жастайынан ерте көріп өскен. Анамыз бар өмірін бала тәрбиесіне арнап, үй шаруасын өз мойнына алып, сабырлы, момын, қарапайым жан болған.
Әке-шешеміздің асыл қасиеттері бойтұмарымыз болып, өмірдің түрлі соқпақ жолдарынан өтіп келеміз. Қос шынарымыз, әке-шешеміз өмірден кетсе де, көңілден кеткен емес. Есімдері санамызда сайрап, жарқын бейнелері ешқашан ұмытылмайды.
Жандарыңыз жәннатта болсын, жарық өмір сыйлаған жақсыларым, асылдарым!
Сағыныштан естелік жазған: Назгүл Мауытханқызы





