АртЖер шарындағы ең алып құс мүсіні қай елде орналасқан? (видео)

Жер шарындағы ең алып құс мүсіні қай елде орналасқан? (видео)

 

КЕРАЛА. KazUnite – Жер шарындағы ең алып құс мүсіні Үндістанның Керала штатында орналасқан. Архитекторы: Раджи Анчал.

Планетадағы ең алып құс мүсіні Үндістанның Керала штатындағы Jatayu Earth’s Centre саябағының аумағынан орын тепкен. Раджи Анчал бұл жобаны 1980 жылдары жүзеге асырғысы келіпті. Бірақ оның бұл құрылысты жүргізуіне сол кездегі ел билігі рұқсат бермеген екен. Соған қарамастан Анчал дегенінен қайтпай, үмітін үзбей, ұрымтал сәтті күткен. Ел билігі оған тек 2011 жылы туристерді көбірек тарту мақсатында рұқсат берген.

Джатаю – бұл үнді мифологиясында сұңқарлар патшасы. Сондықтан осы төңірек таңдалып, алып құс мүсіні 2018 жылы ашылған. Алып қыранның ішінде интерактивті музей орналасқан. Мүсіннің бас тұсына көтеріліп, алып құстың көзімен Үндістанның Керала штатының сұлулығын тамашалауға болады.

Айтпақшы қыран екінші қанатынан шайқаста айырылып, сол себепті де осы тауға құлап қалған деседі (бұл да аңыз әңгімелерде айтылады).

 

Соңғы жазбалар

АҚШ Сенаты TikTok-қа тыйым салу немесе сату туралы заң жобасын мақұлдады

0
ВАШИНГТОН. KazUnite - АҚШ Сенаты TikTok әлеуметтік желісінің иесі қытайлық ByteDance концернін басқа иелік етушіге беруге міндеттейтін заң жобасын қабылдады. Заң жобасында Қытай тарапына...

Шольц Путинге Канттың сөздерін мысалға келтіруге тыйым салды

0
Берлинде неміс философы Иммануил Канттың 300 жылдығына орай мерейтойлық жылдың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Берлин-Бранденбург ғылым академиясы мәлім етті, деп хабарлайды KazUnite тілшісі. Іс-шара Пруссия...

Грекиялықтар елдің НАТО-дан шығуын талап етті

0
Грекия астанасы Афинада коммунистік партия мен халықаралық және бейбітшілік комитетінің мүшелері қатысқан салтанатты бейбітшілік шеруі өтті, деп хабарлайды KazUnite тілшісі  902.gr-ға сілтеме жасап. Агенттіктің хабарлауынша,...

«Таза Қазақстан»: Мақаншы ауданындағы Айдынды-Алакөл жағалауы тазартылды

0
KazUnite - Қазақстанда «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы жалғасып жатыр. Абай облысы Мақаншы ауданындағы Айдынды-Алакөл жағалауында жалпы аудандық сенбілік өтті. Акцияға ауданның 11 ауылдық округі мен...

В5+1 форумында Anelya Alimova мен Business Woman KZ келісімшартқа отырды

0
АЛМАТЫ. KazUnite - Алматыда АҚШ және Орталық Азия елдері – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан үкіметтері мен іскер топтары өкілдерінің қатысуымен «В5+1» форматындағы...