КөзқарасБатысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

 

KazUnite – Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны батыста білім алу үшін қажет деп меңгерсе, екінші енді бірі мәнсап үшін мүмкіндігі мол болады деп санайды. Тағы бірінің өзге де себептері бар. Мәселен, бір топ жас деколонизациялау жүйесінен арылып, батыстың демократиясын көруге құлықты. Батыстың құндылықтары мен мәдениетін меңгеруді көздейді. Отаршыл санадан құтылғысы келеді. Бұл билік тарапынан қолға алынған саясат емес. Бұл – көзі ашық, көкірегі ояу жастардың қалауы.

Осы орайда «Қазақстанда неге шетелге кеткісі келетін қазақ жастары көбейді?» деген сауал төңірегінде халықаралық жаңалықтардың шолушысы, журналист Қалиакбар Үсемханұлымен тілдесіп көрдік.

Фото Қалиакбар Үсемханның жеке мұрағатынан

Сарапшының сөзінше, мұның алуан түрлі себебі бар. Ең алдымен, ол қазақ жастары сапалы білім үшін шекара асатынын тілге тиек етті.

«Ең алдымен, жастар батысқа сапалы білім үшін сапар шегеді. Білім мен мүмкіндіктің кең екенін біледі. Әлемдегі үздік университеттер АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Аустралия секілді елдерде. Жастар сол оқу орындарынан сапалы білім алып, жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті болғысы келеді. «Болашақ» сияқты бағдарламалар және басқа да халықаралық стипендиялар ағылшын тілін меңгерген жастар үшін мол мүмкіндік туғызады», – деді Қалиакбар Үсемханұлы.

Айта кетейік, АҚШ – әлемдегі ең үздік университеттер шоғырланған ел. 2024 жылғы QS World University Rankings бойынша алғашқы ондықтың алтауы –АҚШ университеттері. Сол себепті қазақстандық түлектер үшін бұл – білім, заманауи зертханалар мен академиялық еркіндікке қол жеткізу мүмкіндігі.

Бұдан бөлек журналист батысқа ұмтылудың экономикалық себептері мен әлеуметтік, саяси факторлары барын атап өтті.

«Қазақстандағы орташа жалақы шетелмен салыстырғанда төмен. Жастар еңбекке лайықты ақы алғысы келеді. Ел ішіндегі жұмыссыздық пен таныс арқылы жұмысқа тұру мәселесі жастардың үмітін үзуге итермелейді. Әлеуметтік әділетсіздік, яғни парақорлық, тамыр-таныстық, әділетсіздік жастардың сенімін азайтты. Ал саяси тұрғыдан кейбір жастар батыс елдеріндегі еркін пікір, ашық қоғам моделіне қызығады», – деді ол.

Расымен, батыста азаматтар ойын ашық айтып, көзқарасын бүкпесіз жеткізеді. Себебі санасы тұсаудан бос, отаршылдықтан алыс.

Біз әу баста айтқан ағылшын тіліне деген сұраныстың жоғары болуына қатысты сарапшы бұл қарқынды «мәдени ықпал мен жаһандану» деп атап өтті.

«Жастар ағылшын тілін үйрену арқылы әлеммен байланыс орнатқысы келеді.  Шетелге барған немесе шетелдік өмір салтымен танысқан жастардың әсері де басқашалау болуы мүмкін», – деп қосты ол.

Әйтсе де жаман айтпай, жақсы жоқ. Шетел асып жатқанның бәрі білім үшін бара бермейді. Бәрі отаршыл санадан құтылу мақсатында аттанбайды. Таяқтың екінші ұшы да бар. Қалиакбар Үсемхан батысқа сапардың бірден-бір себебіне «болашаққа сенімсіздік» деген пікір білдірді.

«Қазақстандағы болашақ туралы үміттің көмескі тартуы – басты факторлардың бірі. Кей жас ата-анасына, бауырларына көмектесу үшін шетелде жұмыс істеп, ақша жібергісі келеді. Дегенмен баласын шетелде оқытуға немесе шетелге көшуге бар күшін салып, қарызға батып, тұрмыстық тұрақтылығын тәуекелге тігу соңғы жылдары жиілеген әлеуметтік феноменге айналды», – деді ол.

Дегенмен сарапшы мұның қауіпті тұстары барын да атап өтті.

«Бұл жағдай бірнеше тұрғыдан қауіпті. Ең бастысы, кей ата-ана шынайы мүмкіндігі мен әлеуметтік мәртебесін салыстырмайды. Өйткені жергілікті жерде де сапалы білім алуға болады; шетелде оқу тек оқу ақысы емес, сонымен бірге өмір сүру шығыны, тілдік бейімделу, менталдық күйзеліс, жалғыздық және басқа қиындықтар бар; Барын сатып, қарызданып жіберген жастардың көбі кейін ата-анасына көмектесе алмай, өзі де тығырыққа тіреліп қалуы мүмкін. Сонымен қатар ұлттық ресурстың сыртқа ағуы қаупі бар. Кедей де, бай да елден кетуге ұмтылса, ел ішіндегі интеллектуалдық және адами капитал азаяды; Көшкендер де, кеткен соң артында күтімге мұқтаж ата-анасын, кең даласын, тілі мен ділін қалдырып кетеді; Бұл – ұлттық тұтастыққа қауіп», – деді ол.

Сарапшы тағы бір ойды дәйек етті. Айтуынша, «қоғамдық психоз – «бәрі кетіп жатыр» деген көзқарас басым.

«Қазір кей отбасылар жұрттан қалмау үшін көшуге немесе оқытуға тырысады. Бұл – шын мәнінде тұлғалық емес, топтық шешім. Бірі көшкен соң екіншісі де солай істеуге мәжбүр сезінеді», – деп қосты ол.

Қалиакбар Үсемханұлы ойын «жұрт не дейді емес, өз жағдайына сай жолды таңдау керек деп қорытындылады.

«Шетелде бәрі «жасыл» емес. Шетелге кету – жұмаққа өту емес. Жастар ақша үшін қара жұмыс істеп, мамандығына сай келмейтін тірлікпен айналысып жүр. Көбі уақытша мәртебемен, арзан жұмыс күші ретінде өмір сүріп жатыр. Эмоциялық және мәдени шеттетілу салдарынан өзін жоғалтып алатындар да бар. Сондықтан ата-аналар  баланың қабілеті мен қызығушылығын ескере отырып, шешім қабылдау керек. Шетелге кету – соңғы мүмкіндік емес, бір ғана жол екенін түсіну», – деп түйіндеді ол.

Тоғыз ауыз сөздің тобықтай түйінін айтсақ, батысқа ұмтылудың бірнеше себебі бар. Білім іздеуден бастап, қаржылай жағдайды жақсартуға дейін кете береді. Дегенмен батысқа еркін сана, көкжиекті кеңейту үшін кететіндердің қарасы көбейіп жатыр. Бұл – факт.

Рахила Тілеуова (Rakhila Tleuova)

 

Соңғы жазбалар

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Электрондық қаржы орталығы Минскіде өткен IV Еуразиялық экономикалық форумға қатысты

0
МИНСК. KazUnite - Минскіде IV Еуразиялық экономикалық форум өткізіліп, ол Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына арналып ұйымдастырылды. Алқалы жиынға ЕАЭО мүше елдердің мемлекет басшылары...

Өзбекстанда мемлекеттік басқаруда жасанды интеллект қолдану мәселесін талқылады

0
Самарқандта Орталық Азия, Кавказ және Азия-Тынық мұхиты өңірлерінен 40-тан астам мемлекеттік қызметші БҰҰ Мемлекеттік қызмет форумы аясында «Цифрлық трансформация стратегияларын іске асыру және жасанды...