АқпаратҚазақстандық саяхатшылар америкалықтарға Қазақстанды таныстырды

Қазақстандық саяхатшылар америкалықтарға Қазақстанды таныстырды

 

САН-ФРАНЦИСКО. KazUnite- Қазақстандық Мадина Әшілова, Олжас Әшілов пен Әлібек Бегалиев АҚШ-та саяхаттап жүр. Олар АҚШ-тың шығысынан батысына дейін көлікпен жүріп өтпек. Саяхатшылар саяхатын АҚШ-тың ең қымбат қалаларының бірі Сан-Францискодан бастады.

Саяхаттың мақсаты тек АҚШ-ты аралау ғана емес, америкалықтарға Қазақстанды таныстыру.

“Біз саяхат барысында Қазақстанды америкалықтарға таныстырмақпыз. Оларға Қазақстан туралы роликтер көрсетіп, қазақстандық шоколад пен құрт сыйлаймыз. Бізбен сөйлескен америкалықтардың жартысы Қазақстан туралы білетіні қуантты. Ал білмейтіндер көшпенді болған халық туралы көбірек білуге ықылас танытуда”, – деп жазды саяхатшылардың бірі Мадина Әшілова Instagram парақшасына.

Қазақтың ұлттық оюланған камзолын киіп, ұлттық әшекейін тағып, Қазақстан туын желбіретіп жүрген саяхатшылар Қазақстан туралы арнайы баннерді де дайындап қойған.

АҚШ-та тұратын қазақтар қазақстандық саяхатшыларды қолдау мақсатында Қазақстан туын ұстап қарсы ала алады.

Мадина Әшілова, Олжас Әшілов пен Әлібек Бегалиев 17 мамырда Тусоннан Остинға жол жүреді. 20 мамырда Хьюстан, Жаңа Орлеан мен түсірілім жұмыстары үшін Мобилда болады. 21 мамыр мен 24 мамыр аралығында Афиныды аралап, Вашингтонға жолға шығады. 26 мамыр Вашингтоннан Нью-Йоркқа жол жүреді. 27 мамыр Нью-Йоркты аралап, 28 мамыр күні Қазақстанға қайтады. 

Фото: Мадина Әшілова/Instagram

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...