АқпаратНью-Йорк университетінде Семей полигоны жайлы деректі фильм көрсетілді

Нью-Йорк университетінде Семей полигоны жайлы деректі фильм көрсетілді

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – Нью-Йорк университетіндегі Артур Л. Картер атындағы журналистика институтында білімін жетілдіріп жүрген журналист Гүлдана Талғатқызы Семей полигоны жайлы деректі фильм түсірді.

Алғашқы деректі фильмінде автор әкесі жазушы Талғат Кеңесбаев (1961-2018) жайлы, Саржал ауылы, атом полигоны, «Невада-Семей» қозғалысы туралы қаузаған.

«Бір жылдай өзім зерттеп, сценарий жазып, әкемнің ауылы Саржалға барып түсіріп, Нью-Йоркке қайта оралып, Вашингтонға сапарлап, Венамен сұхбаттасып, архивтерді ақтарып, әкемнің Panasonic-інде сақталған видеоларды диджитал форматқа өткізіп, Premiere Pro-да монтаж жасап, топтастарым мен профессорларымның пікіріне құлақ асып, аниматор, композитормен жұмыс істеп, көрермен назарына ұсынып отырмын», – деп жазды Гүлдана Facebook-тегі аккаунтында.
NYU қабырғасында аталған деректі фильмнің тұсауы кесілді. Гүлдана Талғатқызы алдағы уақытта да осы бағыт бойынша түрлі тақырыпта деректі фильмдер түсіруді жалғастырмақ.
 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...