АртАюдан құлынын құтқарған бие (аудио)

Аюдан құлынын құтқарған бие (аудио)

 

АЛМАТЫ. KazUnite – ​Аюдың тырнағынан құлынын құтқарып, «бауыр еті» үшін арқа етін садаға еткен бие, қан жоса болған қалпында құлынын емізіп тұр. Тірі жанды есін алардай, күркірей ұмтылған қорқауға құлынын бермей, шоқтығын беріп аман қалыпты деседі…

​Бұл көрініске көңіл толқымай, жүрек шымырқанбай қарау мүмкін бе сірә?!

Қандай талауға түссе де, құлыны аман. Енесіне сол медет-ау?! Жарақаты да, басқасы да ананың құлынына деген махаббатына бөгет емес. Тәлтіректей әзер тұрса да, емірене иіп тұр.

​Баласы үшін ажалдан ана ғана қаймықпайды. Бауыр еті баласына қауіп төнгенде от жалынсыз, су ағынсыз анаға…

​Қансыраған, өлі жүні ұйысқан көтерем бие… Алаңсыз құлын. Сұрықсыз сурет. Бірақ жүректі елжіретер көрініс. Ана махаббатының құдіретін жеткізуге сөз керек емес. Осы бір сурет жеткілікті.

​Бірақ жұмыр жердің бетіндегі ең жоғары даму сатысындағы тіршілік иесі саналатын адамның бәрі осы бие құрлы баласына қамқор ма? Қағынан жеріген ана, сәбиін қоқысқа тастаған бейбақтар да бар-ау арамызда…

​Құлыны үшін шырқырай жанын беруге әзір болған биенің осы күйі көрген жанды сан түрлі ойға жетелегені анық. Құлынды биені аңдыған ажал да, ажалмен арпалысқан шайқас та, қорғаныш та, құрбандық та, мейірім де, махаббат та қатар көрініс тапқан кадр. Жалғыз кадр…

​…Тіршілік жалғасады… Аналардың арқасында… Тіршілік жалғасады… Ананың бауырында…

Айнұр Мұратова

 

Соңғы жазбалар

АҚШ Сенаты TikTok-қа тыйым салу немесе сату туралы заң жобасын мақұлдады

0
ВАШИНГТОН. KazUnite - АҚШ Сенаты TikTok әлеуметтік желісінің иесі қытайлық ByteDance концернін басқа иелік етушіге беруге міндеттейтін заң жобасын қабылдады. Заң жобасында Қытай тарапына...

Шольц Путинге Канттың сөздерін мысалға келтіруге тыйым салды

0
Берлинде неміс философы Иммануил Канттың 300 жылдығына орай мерейтойлық жылдың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Берлин-Бранденбург ғылым академиясы мәлім етті, деп хабарлайды KazUnite тілшісі. Іс-шара Пруссия...

Грекиялықтар елдің НАТО-дан шығуын талап етті

0
Грекия астанасы Афинада коммунистік партия мен халықаралық және бейбітшілік комитетінің мүшелері қатысқан салтанатты бейбітшілік шеруі өтті, деп хабарлайды KazUnite тілшісі  902.gr-ға сілтеме жасап. Агенттіктің хабарлауынша,...

«Таза Қазақстан»: Мақаншы ауданындағы Айдынды-Алакөл жағалауы тазартылды

0
KazUnite - Қазақстанда «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы жалғасып жатыр. Абай облысы Мақаншы ауданындағы Айдынды-Алакөл жағалауында жалпы аудандық сенбілік өтті. Акцияға ауданның 11 ауылдық округі мен...

В5+1 форумында Anelya Alimova мен Business Woman KZ келісімшартқа отырды

0
АЛМАТЫ. KazUnite - Алматыда АҚШ және Орталық Азия елдері – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан үкіметтері мен іскер топтары өкілдерінің қатысуымен «В5+1» форматындағы...