МотивацияАустралиядағы әйгілі тиктокер қазақ

Аустралиядағы әйгілі тиктокер қазақ

 

МЕЛЬБУРН. KazUnite – Тикток арқылы шетелдіктер арасында аса танымалдылыққа ие болған қазақ баласын естідіңіз бе? Ол – шетелдік телеарналар жарыса сұхбат алып жүрген Аустралияның Мельбурн қаласында тұратын Рустам Разиев.

Рустам супермаркеттерде бөгде адамның тауар ақысын одан бұрын картасымен төлеп беріп, көпшіліктің алғысын алуда. Адамдардың эмоциясын тиктоктағы өзінің аккаунтына жүктеп, содан миллиондаған қаралым жинап жүр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Rustam Raziev (@rus.alien)

Тиктокта қазір 7 миллионға жуық жазылушысы бар Рустам Разиевтің желі арқылы көпшілікке тараған қайырымдылық істері туралы шетелдік басылымдар жарыса жазуда.

Рустаммен біз де байланысқа шығып, бірер сұрағымызды жолдадық. 1991 жылы Алматыда дүниеге келген ол 16 жасында шетелде оқуға аттаныпты. Содан жылына 1-2 рет елге келіп жүріпті. Соңғы рет Қазақстанда 4 жыл бұрын болыпты.

«Мен брокер-консультантпын. Бала кезімде отбасымызда тұрмыстық қиындықтар болды. Ата-анам, әпкем бәріміз бір бөлмелі пәтерде тұрдық. Тамаққа ақша жетпеген кездер де болды. Сол үшін достарымды үйге шақыруға ұялатынмын. Бұл жағдай мені біраз ойландырды. Кейін ақшам болғанда адамдарға азық-түлік сатып алуға, жалпы қолымнан келгенше көмектесемін деп өз-өзіме уәде бердім. Әрине, бір кездері тұрмыстық жағдайымыздың төмен болғаны үшін өкінбеймін. Ол жағдай менің бойымда жақсы қасиеттердің болуына пайдасын тигізді. Сіздерге де бар жақсылықты тілеймін», – деді Рустам Разиев KazUnite тілшісіне.

Рустам Разиев KazUnite оқырмандарына арнайы видео сәлем жолдады.

 

Соңғы жазбалар

АҚШ Сенаты TikTok-қа тыйым салу немесе сату туралы заң жобасын мақұлдады

0
ВАШИНГТОН. KazUnite - АҚШ Сенаты TikTok әлеуметтік желісінің иесі қытайлық ByteDance концернін басқа иелік етушіге беруге міндеттейтін заң жобасын қабылдады. Заң жобасында Қытай тарапына...

Шольц Путинге Канттың сөздерін мысалға келтіруге тыйым салды

0
Берлинде неміс философы Иммануил Канттың 300 жылдығына орай мерейтойлық жылдың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Берлин-Бранденбург ғылым академиясы мәлім етті, деп хабарлайды KazUnite тілшісі. Іс-шара Пруссия...

Грекиялықтар елдің НАТО-дан шығуын талап етті

0
Грекия астанасы Афинада коммунистік партия мен халықаралық және бейбітшілік комитетінің мүшелері қатысқан салтанатты бейбітшілік шеруі өтті, деп хабарлайды KazUnite тілшісі  902.gr-ға сілтеме жасап. Агенттіктің хабарлауынша,...

«Таза Қазақстан»: Мақаншы ауданындағы Айдынды-Алакөл жағалауы тазартылды

0
KazUnite - Қазақстанда «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы жалғасып жатыр. Абай облысы Мақаншы ауданындағы Айдынды-Алакөл жағалауында жалпы аудандық сенбілік өтті. Акцияға ауданның 11 ауылдық округі мен...

В5+1 форумында Anelya Alimova мен Business Woman KZ келісімшартқа отырды

0
АЛМАТЫ. KazUnite - Алматыда АҚШ және Орталық Азия елдері – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан үкіметтері мен іскер топтары өкілдерінің қатысуымен «В5+1» форматындағы...