АқпаратМәжбүрлеп еңбекке салу арқылы жасалған Қытай тауарлары Америкаға кіргізілмейді

Мәжбүрлеп еңбекке салу арқылы жасалған Қытай тауарлары Америкаға кіргізілмейді

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – Бүгіннен бастап АҚШ-тың кеден және шекара қызметі (CBP) Шыңжаңда жұмыс күшін мәжбүрлеп қолдана отырып өндірілген тауарларды Америка Құрама Штаттарына әкелуге тыйым салатын «Ұйғырлардың мәжбүрлі жұмысының алдын алу туралы» Заңның ережелерін қолдана бастайды. Бұл туралы бүгін АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеді.

Қытайдағы геноцид шеңберінде жазықсық қамауға алынып, әртүрлі түрмелер мен жасырын лагерьлерде зорлықпен қара жұмыстарға жегіліп жатқан аз ұлт өкілдерінің құқын қорғау АҚШ бірнеше жылдан бері араласып келеді. 2021 жылы 23 желтоқсанда Президент Байден мәжбүрлі еңбек арқылы өндірілген Қытай тауарларының импортына тыйым салу туралы» Заңға қол қойған еді. Америка Құрама Штаттарының Конгресінде екі жақты қолдаумен қабылданған ол құжатта АҚШ-тың геноцид пен адам құқының сақталмауымен байланысты өрескел қылмыстар жалғасып жатқан Шыңжаңдағы азаптаулар мен мәжбүрлеп еңбекке салуды тоқтатуға ықпал етуді көздейтін амалы екені атап көрсетілген еді.

Бүгін АҚШ Мемлекеттік департаментінің басшысы Антони Блинкен:

«АҚШ Мемлекеттік департаменті Шыңжаңдағы мәжбүрлі еңбекке қарсы күресті жалғастыруы мен адам құқықтарының осы өрескел бұзылуына қарсы күресте халықаралық үйлестіруді нығайту мақсатында Конгресспен және біздің ведомствоаралық серіктестерімізбен ынтымақтастық орнатуға ниетті. Қытай Халық Республикасында (ҚХР) және бүкіл әлемде мәжбүрлі еңбекке және адам құқықтарының басқа да бұзылуына қарсы күрес Президент Байден мен оның әкімшілігі үшін басымдық болып табылады. Біз Шыңжаңдағы есеп беруді жеңілдету үшін нақты шаралар қабылдадық, соның ішінде визалық шектеулер, жаһандық магнит шеңберіндегі қаржылық санкциялар, экспортты бақылау, кепілдемелер мен импортты шектеуге тыйым салу, сондай-ақ АҚШ компанияларына адам құқықтарының бұзылуына ықпал ететін сауданы болдырмауға көмектесу үшін Синьцзянға арналған ведомствоаралық бизнес-кеңес беру пайда шаралары бар», – деп атап өтті.

Сонымен АҚШ мәжбүрлі еңбек арқылы дайындалған Қытай тауарларын тауарларды Америка Құрама Штаттарына әкелуге тыйым салу бағытындағы қадамдарын күшейтті. Енді тауар түрмелер мен лагерьлерде жазықсыз қамауда жатқан азаматтардың күшімен дайындалмағанын дәлелдейтін құжаттары жоқ зауыт пен фабрикалардың өнімдері Америкаға кіргізілмейді.

«Біз одақтастарымыз бен серіктестерімізді жаһандық жеткізілім тізбегін мәжбүрлі еңбекті пайдаланудан босатуға, Шыңжаңдағы қатыгездіктерге қарсы тұруға және ҚХР Үкіметіне зорлық-зомбылық пен адам құқықтарының бұзылуын, соның ішінде мәжбүрлі еңбекті дереу тоқтатуға шақыруға қосылуға шақырамыз», – деді Блинкен.

P.S. Қытайдағы адам құқын таптай отырып, аз ұлт өкілдеріне жасалып жатқан зорлық-зомбылықты халықаралық ұйымдар «геноцид» деп таныған. Алайда АҚШ-тағы ұйғыр қауымдастықтарының күрескерлігі арқасында АҚШ-та және Еуропа елдерінде орналасқан халықаралық ұйымдар негізінен Шыңжаңдағы ұйғырлар мәселесін жиі айтады.

Бірақ ҚХР-да геноцид құрбанына айналып отырған қазақтардың саны жайлы әлі нақты дерек жоқ. Дегенмен Қытайда жазықсыздан жазықсыз қамауда жатқан, түрмеде аяусыздықпен өлтірілген, мәжбүрлеп «оқыту орталықтары» мен еңбек лагерьлеріне жіберілген қазақтардың да саны аз емес.

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...