Өмір салтыFAST FASHION – ТАБИҒАТТЫҢ ЖАУЫ

FAST FASHION – ТАБИҒАТТЫҢ ЖАУЫ

 

KazUnite – Мода – белгілі бір уақытта, белгілі бір ортада қабылданған әдеттердің, құндылықтар мен талғамдардың жиынтығы. Өмірдің немесе мәдениеттің кез келген саласында идеологияны немесе стильді құру.

Қазіргі таңда жылдан-жылға мода ауысып, жаңа бренд киімдер пайда болып, бүкіл елді өзіне қаратып отыр. Бірақ моданың адамдарға деген әсері қоршаған ортаға қаншалықты зиян екенін білсеңіз ғой. Біріншіден, моданың қанша түрі бар болса, табиғатқа сонша зияны тиеді екен.

Әлемде жыл сайын 200 миллиард киім сатылады. Сонымен қатар тек қана киімдерден жыл сайын 92 миллион тонна қоқыс тасталады. Тағы бір байқарымыз қоқыстың арасында әйгілі брендтердің киімдері мен киілмеген жаңа киімдер де бар. Бұл қоқыстың барлығы суға кетеді, судағы балықтар оларды жеп қойып жатады. Қоқысқа кеткен киімдер судың жағасына жиналып, суды, ауаны, табиғатты ластайды. Табиғаттың көркін бұзып, лас ауа жұтып, кір су ішкен адам қанша сәнді киінсе де, бақытты бола алмайды. Киім қаншалықты ескіріп, тозып кетсе де табиғатқа сіңіп кете алмайды ғой.

Екіншіден, адамдардың санасы мен қаражатын төмендетеді, яғни жаңа киімдер қымбаттаған сайын көзге түсіп, сұранысқа ие бола бастайды. Бұл әлеуметтік теңсіздікті тудырады. Қоғамда байлар мен кедейлердің бір-біріне деген көз қарасы қызғаныш пен мазақ болады. Адамдар бір-бірін рухани құндылықтарынан емес, материалдық байлықтарынан бағалай бастайды. Барлық адамның көрсе қызар әдеті, қымбат киініп мақтанғысы келетіні жалған емес. Бірақ мынаны есте сақтау керек «мода – жай ақша істеуге арналған гипноз, әр жылға, әр айға тағайындалған киім улгісі». Француз модельдері айтқандай, «кімге қандай киім жарасса, сол адамға сол мода». Стиль деген – жеке ерекшеліктік. Сұлулық деген – жан, тән және киімнің жарасымдылығы. Мода қуып, өзіне жараспайтын дүниелерді пайдаланғанмен сұлулық пердесін ашпайды.

Менің ойымша, мода қууды тоқтату қажет.

Сондай-ақ қандай қымбат, әйгілі киім болмасын бәрібір ескіріп, тозып, қажетсіз болып қалады. Ал барлық қажетсіз заттарды біз қоқысқа тастамаймыз ба? Мұның алдын алу үшін қоқыс шығаруды доғару керек. Қоқысты өртеп тастауға болады немесе адамдарға да, табиғатқа да зиянын тигізбейтіндей етіп, қайта өнделетін материалдармен киім ойлап табу керек. Сонымен қатар адамдар табиғаттың зардабы, ысырап дегенді түсініп, сана сезімін оятулары қажет.

Мерей Сакура

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...