Мотивация67 жасында ағылшын тілін үйреніп жүрген қазақ ғалымы

67 жасында ағылшын тілін үйреніп жүрген қазақ ғалымы

 

АЛМАТЫ. KazUnite – Шет тілін үйрену ешқашан кеш емес. Мысалы, ағылшын тілін үйреніп жүрген егде жастағы адамдар елімізде де жоқ емес. Солардың бірі – 67 жасында ағылшын тілін үйренуге ден қойып, ағылшынша еркін сөйлеп, сауатты түрде мақала жазуды мақсат қойып отырған ғалым Бақдаулет Таранов.

– Бақдаулет Төреалыұлы, ағылшын тілін қашаннан бері үйреніп жүрсіз? Қазір қандай деңгейде меңгердіңіз? Оны үйренудегі мақсатыңыз қандай?

– Ағылшын тілін үйрену ойымда 30 жыл бұрын болған еді. Бірақ, әйтеуір, мүмкіндік бола қойған жоқ. Арасында амандасу, қоштасу деңгейінде болды. Қажеттілік ғылыми мақалаларды оқығанда туындады. Оларды сөздікпен аудардым, ал терминдер барлық халыққа бірдей болғандықтан, түсінікті болатын. Бану Оралбайдың «ағылшын тілін 4 айда үйретемін» дегенін жарнамадан көзім шалды. Сабақтің қазақша жүргізілетіні қатты қызықтырды. Сондықтан бірден оқуға жазылдым. Деңгейім жоқ, бірақ теориялық жағынан қазақ тілі мен ағылшын тілінің айырмашылығын білдім. Бұл маған әрі қарай ағылшын тілін  үйренуге жеңіл болтынын түсіндім. Қазақша жұрнақ пен жалғаулық, ал ағылшынша сөз алдында қолданатын артиклдермен сөйлем құралатынын білдім.

– Шет тілін үйренгісі келетін, бірақ соған ден қоймай жүрген жастарға не айтасыз?

– Алаш арыстары бұдан жүз жыл бұрын «Өз тіліңді құрметте, өзге тілдің бәрін біл» деген болатын. Бұған қосарым «барлық жерде өз тіліңде сөйле, ағылшынша кітап оқы, шет тілін жиындарда еркін сөйлеуге үйрен!» дер едім жастарға.

– Тіл үйрену кезінде немесе шет тілінде сөйлесу кезінде қызық жағдай болды ма?

– Қызық жағдайдан гөрі тіл білмей қатты қысылған жағдайлар болды. Бірде Германияда баратын жерді сұрай алмағаныма, конференцияда ағылшынша сайраған шетел ғалымдарына олардың қазір жүргізіп жатқан зерттеулерін, біз 30 жыл бұрын жүргізгенімізді айта алмағаныма қатты намыстандым.

Өзіңіз жайлы, отбасыңыз туралы аз-кем айтып өтсеңіз.

– Мен 1954 жылдың қыркүйек айында туғанмын. Құдай қаласа жақында 68-ге келемін. Университетте энтомология, экология пәндерінен бакалавр, магистрант, доктаранттарға дәріс оқимын. Сонымен қатар Зоология ғылыми зерттеу институтында Қазақстандағы негізінен ерекше қорғалатын аймақтардағы Бөжектер (Insecta-Насекомые) фаунасын зерттеуге қатысамын. Жазда екі айға жуық табиғат аясында экспедицияда жүремін. Ол кезде тамақты қазанға пісіріп, түнде палаткада қонамыз.

100-ден аса ғылыми мақала мен оқу құралдары жарыққа шықты. Алматы қаласында тұрамын.

3 қызым, 6 немерем бар. Тұңғыш қызым КазМУ-де жапон тілін оқыған, екінші қызым заңгер, үшінші қызым консерваторияда скрипка сыныбын бітірген.

– Алға қойған жоспарыңыз қандай? Шетелде оқу немесе жұмыс істеу ойыңызда бар ма?

– Жоспарым ғылыми еңбектерді ағылшын тілінде еркін оқу, барынша еркін сөйлеу, мақала жазу. Қазақ әрқашанда оқуға талпынған. Сондықтан тіл үйренем деген қазақтың сағын сындырып алмау керек. Алфавитті білмейтін адамдар да бар. Бану ханымға айтарым, іріктеуді әлі де жетілдіру керек сияқты. Дәрістің басында тілдердің айырмашылығын айту керек, сонда адам тіл үйренуге сенімді болады деп ойлаймын. Шетелге қыдыруға ғана бармасам, маған өз елімдегі жұмыстарымды бітріу керек.

– Сұхбатыңызға рақмет! 

 

Соңғы жазбалар

АҚШ Сенаты TikTok-қа тыйым салу немесе сату туралы заң жобасын мақұлдады

0
ВАШИНГТОН. KazUnite - АҚШ Сенаты TikTok әлеуметтік желісінің иесі қытайлық ByteDance концернін басқа иелік етушіге беруге міндеттейтін заң жобасын қабылдады. Заң жобасында Қытай тарапына...

Шольц Путинге Канттың сөздерін мысалға келтіруге тыйым салды

0
Берлинде неміс философы Иммануил Канттың 300 жылдығына орай мерейтойлық жылдың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Берлин-Бранденбург ғылым академиясы мәлім етті, деп хабарлайды KazUnite тілшісі. Іс-шара Пруссия...

Грекиялықтар елдің НАТО-дан шығуын талап етті

0
Грекия астанасы Афинада коммунистік партия мен халықаралық және бейбітшілік комитетінің мүшелері қатысқан салтанатты бейбітшілік шеруі өтті, деп хабарлайды KazUnite тілшісі  902.gr-ға сілтеме жасап. Агенттіктің хабарлауынша,...

«Таза Қазақстан»: Мақаншы ауданындағы Айдынды-Алакөл жағалауы тазартылды

0
KazUnite - Қазақстанда «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы жалғасып жатыр. Абай облысы Мақаншы ауданындағы Айдынды-Алакөл жағалауында жалпы аудандық сенбілік өтті. Акцияға ауданның 11 ауылдық округі мен...

В5+1 форумында Anelya Alimova мен Business Woman KZ келісімшартқа отырды

0
АЛМАТЫ. KazUnite - Алматыда АҚШ және Орталық Азия елдері – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан үкіметтері мен іскер топтары өкілдерінің қатысуымен «В5+1» форматындағы...