АқпаратИнженерлік-техникалық мамандықты таңдаған жастарға мүмкіндік көп

Инженерлік-техникалық мамандықты таңдаған жастарға мүмкіндік көп

 

НҰР-СҰЛТАН. KazUnite – «Болашақ» халықаралық стипендиясы 199 қазақстандыққа берілді. Өткен жылы инженерлік-техникалық мамандықтарға 36%, биыл 60% стипендия бөлінді. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин мәлім етті.

«Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия шешімімен «Болашақ» халықаралық стипендиясы 199 қазақстандыққа берілді. Олар магистратура мен докторантурада оқитын болады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау жөніндегі тапсырмасына сәйкес, инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға баса мән берілді. Егер өткен жылы инженерлік-техникалық мамандықтарға 36% стипендия бөлінсе, биыл 60% бөлінді», – деп жазды Ерлан Қарин Instagram аккаунтында.

Оның сөзінше, медициналық бағыттағы академиялық бағдарламаларға үміткерлердің қолжетімділігін және қызығушылығын арттыру мақсатында Республикалық комиссия медицина қызметкерлерін академиялық оқыту үшін жеке санат бөлу туралы шешім қабылдады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Erlan Karin (@erlankarin2019)

 

Соңғы жазбалар

ЖИ және мемлекеттік басқару: Орталық Азия мен АТМ елдері Корея тәжірибесін зерделеуде

0
Орталық Азия, Кавказ және Азия-Тынық мұхиты өңірлерінен келген 12 елдің 30-дан астам мемлекеттік қызметшісі цифрлы мемлекеттік басқарудағы жасанды интеллект бойынша Кореяның озық тәжірибесін зерделеу...

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Редакция поштасынан: Қос бәйтерегімнің асыл бейнесі

0
Редакциямызға келіп түскен Назгүл Мауытханқызының ата-анасы жайлы мақаласын оқырман назарына сол қалпында ұсынамыз. Қос бәйтерегімнің асыл бейнесі Тәтті балалық шағым.  Алаңсыз, уайымсыз күндерім. Ыстық ұямдағы ...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...