Ақпарат"Бизнесті ТМД елдерінен АҚШ-қа қалай көшіруге болады?" – кәсіпкерлік фестиваль

«Бизнесті ТМД елдерінен АҚШ-қа қалай көшіруге болады?» – кәсіпкерлік фестиваль

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – Бизнесті ТМД елдерінен АҚШ-қа қалай көшіруге болады? АҚШ-та өз брендіңізді қалай қалыптастыра аласыз? Осы және басқа да сұрақтар бойынша Нью-Йоркте 24 шілде күні жергілікті уақытпен сағат 15.00-де «Біріккен Алаш» Қорының тұңғыш кәсіпкерлік фестивалі өтеді.

Бизнес бастау туралы бір күндік құрылтайда сауда кірісін арттырудың мүмкіндігі жайлы айтылады деп көзделуде. Сонымен қатар кәсіпкерлік жиынның сұрақ-жауап кезеңінде сарапшылар «Франшизаны қалай ашу керек? Ол үшін не қажет? Бизнесті ТМД елдерінен АҚШ-қа қалай көшіруге болады? Қытайдан АҚШ-қа импорт қанша тұрады, қалай есептеу керек? Қытаймен жұмыс істеудегі қателіктер мен жаңсақ ұғымдар; АҚШ-та өз брендіңізді қалай қалыптастыруға болады?» деген сауалдарға да жауап беретін болады.

Айта кетсек, шара барысында кофе-брейк те ұйымдастырылады. Шараға қатысу тегін.

Өтетін орны: Манхэттен, 220 E 23rd St Suite 401, Нью-Йорк, NY 10010.

Демеушілер: 

– «Біріккен Алаш» Қоры;
– Yes Компаниясы;
– Starta_vc;
– Нью-Йорк Фильм Академиясы;
– Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Миссиясы;
– Қазақстанның Нью-Йорктегі Бас Консулдығы.

Ақпараттық қолдаушы: 

– KazUnite Халықаралық Онлайн газеті.

Барлық сұрақ бойынша:
+5513409717 Айдын.

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...