КөзқарасҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗАҚИЛАНУЫ: ӘНШІЛЕРДІҢ ҮЛЕСІ ҚАНДАЙ?

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗАҚИЛАНУЫ: ӘНШІЛЕРДІҢ ҮЛЕСІ ҚАНДАЙ?

 

KazUnite – Зерттеушілер бодандықтан жаңа тәуелсіздік алған елдерде мемлекетті құраушы ұлттың өз ерекшелігін, ұлттық дәстүрі мен ұлттық мәдениетін қайта жаңғыртуда бұқаралық мәдениеттің, атап айтқанда, әншілердің маңызды рөл ойнайтынын жазып жатады.

Олай болса, КСРО құлап, тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанның да қазақтануына, елде ұлттың өшкелі жатқан ұлттық салт-санасы, дәстүрі мен мәдениетінің қайта жандануы жолында қазақ әншілерінің де қабілеті мен қуаты, мүмкіндігі мол еді.

Батыс елдеріндегі коммуникация, мәдениет саласының зерттеушілері мұны назардан тыс қалдырмаған. Мысалы, Данетта Иферт Дожсон есімді зерттеуші Қазақстандағы әншілердің ұлтты қалыптастыруға қосқан үлесін зерттепті. Ол 2004 жылы Қазақстандағы музыкалық арна HitTv-дегі видео-клиптерді екі апта бойы бақылап, телеарнада көрсетілген 68 әннің бейнебаянын жинақтайды. Сөйтіп, клиптерді мұқият қарап, визуал элементтер бойынша талдау жасайды. Сонда жиналған 68 клиптің 35 пайызында (24-інде) қазақтың ұлттық киімі бейнеленген екен. Жылқы клиптердің 32,4 пайызында (22-інде) болған. Ұлттық аспаптар 29,4 пайызында, ал киіз үй 19 пайызында көрініс тауыпты. Қазақстанның мемлекеттік рәміздері, соның ішінде Қазақстан Туы қаншалықты қамтылған деп іздегенде клиптердің 4,4 пайызында Ту кездесіпті. Ал жалпы ән бейнебаяндарының 2,9 пайызында «Алтын адам» түсірілген.

Басқа елдердің видео клиптерімен салыстырғанда сол зерттеу Қазақстан әншілерінің бейнебаянда жалпы жылқы, киіз үй, қариясы, бала-шағасы бар үлкен отбасы жиі түсірілетінімен ерекшеленетінін атап көрсеткен.

Қазақтың бұрынғы дәстүрлі көшпелі өмірі, қазақ тарихы да қазақ бұқаралық мәдениетіндегі басты тақырыптардың бірі екенін тағы бірнеше зерттеуші дәлелдеген екен. Тіпті коммуникация саласының зерттеушісі Медан Ранкэр қазақ музыканттары, эстрада және дәстүрлі әншілері Қазақстанның тәуелсіздігінен кейін ұлттың ұлттық ерекшеліктерін қайта дамытуға зор үлес қосқанын атап өткен. Сөйтіп, қазақ әншілерінің ұлттық салт-сананы жаңғыртуға зор әсер еткенін ол халықтың өз дәстүріне, өзінің салт-санасына, жалпы ұзақ жылғы “орыстандыру” саясатынан кейін қайтадан қазақилануға, қазақ болып өмір сүруге деген аңсардың нәтижесі деп атап көрсеткен. Бұған елде тәуелсіздіктен кейінгі алғашқы жылдары отарсыздану бағытын ұстанған билік те қолдау көрсетіп отырғанын жазады.

Сонымен, кейбір зерттеушілер бодандық жылдары жоғала жаздаған қазақтың ұлттық құндылықтары мен ұлттық салт-дәстүрлерінің қайта жаңғыруына қазақ әншілерінің үлесі зор деп есептейді.

P.S: KazUnite порталы батыс зерттеушілері жасаған қорытындыға сәйкес, «қазақ әншілері қазақтың ұлттық салт-дәстүрі, тарихы мен ділін жаңғыртуына үлес қосып жатыр деген қорытындымен келісесіз бе?» деген сұрақ бойынша оқырмандар арасында сауалнама жүргізді.

Сауалнамаға 65 адам жауап берген. Әр құрылғыдан бір рет қана жауап беру мүмкіндігі берілді. Сауалнамаға қктысушылардың 181,5 пайызы «қазақ әншілері қазақтың ұлттық салт-санасын қайта жаңғыртуға үлес қосып жатыр» деген көзқараспен келісетінін айтқан. Ал қалған 18,5 пайызы бұл пікірді жоққа шығарған.

 

Соңғы жазбалар

АҚШ Сенаты TikTok-қа тыйым салу немесе сату туралы заң жобасын мақұлдады

0
ВАШИНГТОН. KazUnite - АҚШ Сенаты TikTok әлеуметтік желісінің иесі қытайлық ByteDance концернін басқа иелік етушіге беруге міндеттейтін заң жобасын қабылдады. Заң жобасында Қытай тарапына...

Шольц Путинге Канттың сөздерін мысалға келтіруге тыйым салды

0
Берлинде неміс философы Иммануил Канттың 300 жылдығына орай мерейтойлық жылдың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Берлин-Бранденбург ғылым академиясы мәлім етті, деп хабарлайды KazUnite тілшісі. Іс-шара Пруссия...

Грекиялықтар елдің НАТО-дан шығуын талап етті

0
Грекия астанасы Афинада коммунистік партия мен халықаралық және бейбітшілік комитетінің мүшелері қатысқан салтанатты бейбітшілік шеруі өтті, деп хабарлайды KazUnite тілшісі  902.gr-ға сілтеме жасап. Агенттіктің хабарлауынша,...

«Таза Қазақстан»: Мақаншы ауданындағы Айдынды-Алакөл жағалауы тазартылды

0
KazUnite - Қазақстанда «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы жалғасып жатыр. Абай облысы Мақаншы ауданындағы Айдынды-Алакөл жағалауында жалпы аудандық сенбілік өтті. Акцияға ауданның 11 ауылдық округі мен...

В5+1 форумында Anelya Alimova мен Business Woman KZ келісімшартқа отырды

0
АЛМАТЫ. KazUnite - Алматыда АҚШ және Орталық Азия елдері – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан үкіметтері мен іскер топтары өкілдерінің қатысуымен «В5+1» форматындағы...