Өмір салты“БІРДЕҢЕ” КӨРГЕНДЕР “БІРДЕҢЕ” АЙТА МА?

“БІРДЕҢЕ” КӨРГЕНДЕР “БІРДЕҢЕ” АЙТА МА?

 

KazUnite – “Бірдеңе көрсеңіз, бірдеңе айтыңыз». Бұл – Нью-Йоркте метро стансаларында, қоғамдық көліктерде көзіңізге жиі түсетін сөз. Стансадағы басқыштарда, қабырғада, автобус пен пойыздардың (метро) ішінде көрнекі жазылып тұрады.

Бірдеңе көрсеңіз, бірдеңе айтыңыз.

Сонда не? Нені көрсем, нені айтуым керек?

Бастапқыда басыңызға бірден осындай ой келуі ғажап емес. Бірақ көп жағдайды екшей келе, “әлем астанасы” саналатын, әлемнің түкпір-түкпірінен заңды жүргені бар, шекара бұзып, қашып-пысып келгені бар –ұлтына, нәсіліне, азаматтығына, тіліне, тіпті иммигрант статусына қарамай, барлық адам баласын бауырына тартып, басынан сипаған Нью-Йорк қаласында осындай акция болуы заңды деп түсінесіз.

Бұл сөз Америкадағы кәсіби копирайтиң саласының (copywriting) үлкен бір табысы деуге болады. Нью-Йорктей алып қалада қоғамдық көліктер, әсіресе миллиондар тұтынатын метрода талай қылмысытық оқиғалардың, террорлық әрекеттердің ошағы болғаны тарихтан мәлім. Осы мәселемен күресіп жүрген қала әкімшілігі қоғамның, елдің қауіпсіздігіне әр азамат үлес қосуы үшін елді қалай ынталандыруға болады деп бас қатырып жүргенде 2001 жылдың 11 қыркүйегінде дәл осы Нью-Йоркте үлкен жарылыс болды. Осы оқиғадан бір күн өткенде Нью-Йорктегі Қалалық көлік басқармасында жарнама менеджері болып қызмет етіп жүрген бұрынғы теле-журналист
Аллен Стивен Кей өзінің “Бірдеңе көрсең, бірдеңе айт” атты қанатты сөзін қолданысқа енгізіп, жарнама науқанын жариялады. Бұл Нью-Йорктегі қауіпсіздік қызметкерлері мен сақшылардың қаланың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ортақ міндеттеріне үйлесе кетті. Содан былай қарай, қалада “Бірдеңе көрсең, бірдеңе айт” үлкен науқанға айналды. Қала тұрғындары мен қонақтарына қалада, әсіресе метро стансаларында қауіпсіздікке нұқсан келтіретін, яғни қандай да бір күдік туғызатын жағдайды байқағанда қалай, кімге хабар беру керегі жайлы көбірек ақпарат таратылып, насихат жүргізіле бастады. Осылай Аллен Кейдің бір ауыз сөзі жарнама индустриясына үлкен табыс болып, жарнама менеджерінің абыройына, елдің қауіпсіздігіне қызмет ете бастады.

“Бірдеңе көрсең, бірдеңе айт” деген сөз арқылы копирайтер өзінің еңбекақысын алды, оның маман ретінде бағасы көтерілді, ал бұл бір ауыз сөз қала қауіпсіздігіне қалай ықпал етті дерсіз. Нақты нәтиже бар.

Сан-Хосе мемлекеттік университетінің Көлік Минет институты (MTI) бертінде қоғамдық көліктердегі террорлық шабуылдардың алдын алу үшін қабылданған “Бірдеңе көрсең, бірдеңе айт” акциясы мен осы тектес бағдарламалардың тиімділігін зерттепті. Сонда осындай бағдарламалар қоғамдағы жоспарланған тәртіпсіздік пен шабуылдардың 10-14 пайызын болдырмайтынын анықтаған.

Сонымен, өркениетті елдердегі Нью-Йорк сияқты ірі қалаларда көшеде, мемлекеттік орындарда, қоғамда әлдекімнің бір қылмыс жасауды жоспарлап жүргенін, тіпті заң бұзғанын көрсе, полицейге хабарлау әр тұрғынның міндеті деп түсіндіріледі.

Германияда бір қазақ жергілікті досының үйіне қонаққа барады. Мәшинемен келе жатып, досының үйінің тұсынан өтіп кеткен әлгі жігіт жолда ешкім жоқ болған соң тәртіп бұзып, ориадағы сызықты кесіп айнала салады да, досының үйіне кіреді. Аздан соң сол үйге полицей келеді. Қазақ досының жол тәртібін бұзғанын терезеден көрген неміс азаматы өз принципіне қарсы келе алмай, полицейге қоңырау шалған екен…

Мұндай оқиғаның шындығына көз жеткізетін жағдайлар көп. Мысалы, АҚШ-та студентімен жақын араласып жүрген оқытушының өзі өзінің досы болып жүрген студенті сабағына 2 минут кешігіп келсе де, бәрін түсінетінін айтып, күліп қарап отырып “кешікті” деп рапорт жазып береді.

Айтпақшы, мұндайдың ең үлкен мысалын атақты “Клинтон – Левински” дауынан көруге болады. АҚШ-тың бұрынғы Президенті Билл Клинтон мен Ақ үй қызметкері Моника Левинскидің көңіл қосып жүргені жайлы АҚШ Қауіпсіздік қызметіне хабарлаған Мониканың құрбысы болып жүрген Линда Роуз Трипптің өзі. Линда Роуз Трипп те америкалық мемлекеттік қызметші болған.

Моника Линдамен бір кабинетте отырып, қызмет етіп жүргенде онымен сырласып, өзінің Президент Клинтонмен қарым-қатынасы туралы сырын ашқан. Бұдан соң Линда Мониканың Клинтонмен телефонмен сөйлескендерін құпия түрде жазып жүреді. Кейін бұл жайлы қауіпсіздік қызметіне хабарлап, үнтаспаны тапсырады.

Сонда “мені Моника мен Президенттің арасындағы заңға қайшы жайды хабарлауға итермелеген менің таза патриоттық сезімім” деп мәлімдеді. Мұндай мысал көп.

Бәрінде де қандай да бір заңсыздықты, тәртіпсіздікті, қоғамның тыныштығына, дамуына нұқсан келтіретін жайтты байқағанда тиісті орынға хабарлау отаншылдық болып саналады.

Қоғамның қауіпсіздігі мен дамуына әр адам жауапты деген түсінік бұл елдерде әбден орныққан. Соған сүйенген полицей қызметі де кейде қылмыскерді ұстауға көмектескендерге 10 000 долларға дейін қаламақы ұсынады. Әрине, қылмысты ашуға не қылмыскерді ұстауға көмектескен адамның да қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысады.

Қоғамдық көлікте, метро стансасында, көшеде әлдекімнің қалтасына қол салған, мемлекеттік орындарда, университеттерде пара алған немесе пара берген, жалған құжат жасау, алдау, арбау сияқты алаяқтық жасаған адамдарды көргенде полицейге хабарлау – бұл елде қалыпты жағдай. Тіпті әлдекім 12 жасқа дейінгі балаларды үйге қалдырып дүкенге шығып кеткенін байқаса, көршілері полицияға қоңырау шалудан тайынбайды. Бұл да ортақ қоғамның қауіпсіздігі үшін маңызды, тіпті міндет саналады.

Иә, бұл елде “бірдеңе” көргендер “бірдеңе” айтады.

Ал Қазақстанда өзінен әлдебір басшы пара сұраса, азаматтар неге ашық айта алмайды?

 

Соңғы жазбалар

АҚШ Сенаты TikTok-қа тыйым салу немесе сату туралы заң жобасын мақұлдады

0
ВАШИНГТОН. KazUnite - АҚШ Сенаты TikTok әлеуметтік желісінің иесі қытайлық ByteDance концернін басқа иелік етушіге беруге міндеттейтін заң жобасын қабылдады. Заң жобасында Қытай тарапына...

Шольц Путинге Канттың сөздерін мысалға келтіруге тыйым салды

0
Берлинде неміс философы Иммануил Канттың 300 жылдығына орай мерейтойлық жылдың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Берлин-Бранденбург ғылым академиясы мәлім етті, деп хабарлайды KazUnite тілшісі. Іс-шара Пруссия...

Грекиялықтар елдің НАТО-дан шығуын талап етті

0
Грекия астанасы Афинада коммунистік партия мен халықаралық және бейбітшілік комитетінің мүшелері қатысқан салтанатты бейбітшілік шеруі өтті, деп хабарлайды KazUnite тілшісі  902.gr-ға сілтеме жасап. Агенттіктің хабарлауынша,...

«Таза Қазақстан»: Мақаншы ауданындағы Айдынды-Алакөл жағалауы тазартылды

0
KazUnite - Қазақстанда «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы жалғасып жатыр. Абай облысы Мақаншы ауданындағы Айдынды-Алакөл жағалауында жалпы аудандық сенбілік өтті. Акцияға ауданның 11 ауылдық округі мен...

В5+1 форумында Anelya Alimova мен Business Woman KZ келісімшартқа отырды

0
АЛМАТЫ. KazUnite - Алматыда АҚШ және Орталық Азия елдері – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан үкіметтері мен іскер топтары өкілдерінің қатысуымен «В5+1» форматындағы...