Ақпарат"Біріккен Алаш" қорының жасөспірімдер арасындағы І Халықаралық байқауы жарияланды

«Біріккен Алаш» қорының жасөспірімдер арасындағы І Халықаралық байқауы жарияланды

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – АҚШ-та құрылған «Біріккен Алаш» қоры дүние жүзіндегі шығармашыл қазақ жасөспірімдерін анықтап, оларды жігерлендіру мақсатында І халықаралық байқауын жариялайды. Оған Қазастандағы және дүние жүзіндегі қазақ диаспораларындағы 10 және 18 жас аралығындағы өрендер қатыса алады.

Тұңғыш рет өтетін байқаудың тақырыбы – “Менің тұлғам”.

Байқау шарттары: 

⁃ Байқауға қатысушының жасы 10-18 аралығында болуы тиіс;

⁃ Байқауға қатысушы өзі құрмет тұтатын тарихтағы немесе бүгінгі заманғы тұлғалардың бірі жайлы эссе жазуы тиіс. Эсседе: «сіздің үлгі тұтатын тұлғаңыз кім, ол тұлға несімен ерекше, тұлғаның нақты қандай қасиеті, мінезі немесе еңбегі үлгі боларлық, тұлғаның ерекше қасиеті, мінезі немесе болмысы ХХІ ғасырдағы қазақ жастарына үлгі болуға жарай ма, қазақ жастарының дамуына, жақсы өмір сүруіне көмектесе ала ма, сіз ол тұлғаны өз замандастарыңыз арасында қалай насихаттап, қалай дәріптер едіңіз?» деген сұрақтарға жауап беруі тиіс. Яғни “Менің тұлғам” атты шығармада шығармашыл жас үлгі тұтатын тұлғасы жайлы жалпылама мақтамай, нақты детальдармен, белгілі бір қырын аша отырып жазуы тиіс. Жазу формасы, стилі еркін, шығармашыл жастың ой еркіндігі мен шығармашылық қабілетін айшықтайтындай болуы құпталады.

Байқау ережесі: 

⁃ Шығарма Times New Roman 14-пен 2 – 2.5 беттен аспауы тиіс. Шығарманың (вордтағы) ең соңына қатысушының толық аты-жөні, мемлекет, қала (аудан, ауыл) атауы, байланыс нөмірі міндетті түрде жазылуы керек.

⁃ Жазылған шығарма қатысушының суреті мен бірге info@kazunite.com электронды поштасына жолдануы қажет.

⁃ Материалдар 30 қараша күні Нью-Йорк уақытымен сағат 23.00-ге дейін қабылданады. Бұл уақыттан кеш жіберілген шығармалар байқауға қатыстырылмайды.

Қосымша ақпарат: 

⁃ Іріктеуден өткен шығармалар АҚШ-тағы тұңғыш қазақ басылымы kazunite.com халықаралық порталында жарияланады.

Байқау жеңімпаздарын Қазақстан, АҚШ, Еуропа елдері мен Түркиядағы белгілі тұлғалардан құрылған қазылар алқасы анықтайды.

Жүлде қоры: 

⁃ I орын – 200 мың теңге (бір);

⁃ ІІ орын – 100 мың теңге (екі);

⁃ ІІІ орын 50 мың теңге (үш);

⁃ Ынталандыру сыйлығы 20 мың теңге (бес).

Қосымша АҚШ-тағы «Біріккен Алаш» қорының Халықаралық байқауының жүлдесін растайтын мақтау қағазы мен шағын сый-қоржын тапсырылады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от KazUnite (@kazunitecom)

 

Соңғы жазбалар

ЖИ және мемлекеттік басқару: Орталық Азия мен АТМ елдері Корея тәжірибесін зерделеуде

0
Орталық Азия, Кавказ және Азия-Тынық мұхиты өңірлерінен келген 12 елдің 30-дан астам мемлекеттік қызметшісі цифрлы мемлекеттік басқарудағы жасанды интеллект бойынша Кореяның озық тәжірибесін зерделеу...

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Редакция поштасынан: Қос бәйтерегімнің асыл бейнесі

0
Редакциямызға келіп түскен Назгүл Мауытханқызының ата-анасы жайлы мақаласын оқырман назарына сол қалпында ұсынамыз. Қос бәйтерегімнің асыл бейнесі Тәтті балалық шағым.  Алаңсыз, уайымсыз күндерім. Ыстық ұямдағы ...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...