ИнновацияЖоғарғы лауазымды жетекшілер перспективалы ойлау мен жоспарлау бойынша білімдерін жетілдіруде

Жоғарғы лауазымды жетекшілер перспективалы ойлау мен жоспарлау бойынша білімдерін жетілдіруде

 

Астана мемлекеттік қызмет хабы Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп, басшы буын мемлекеттік қызметшілеріне, білім беру және халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне «Саясатты айқындайтын адамдар үшін перспективалық ойлау және сценарийлік жоспарлау» (Futures Thinking and Scenario Planning for Policymakers) тақырыбында біліктілікті арттырудың арнайы бағдарламасы бойынша тренинг өткізді.

Тренинг барысында қатысушылар сценарийлік жоспарлау арқылы перспективалы ойлау тұжырымдамасымен, күрделі жағдайларда өзгерістердің алдын-ала болжау, жасырын болжамдарды ашу және өз ұйымдарындағы әлсіз жақтар мен кемшіліктерді анықтау қабілетін арттыру үшін басқа да құралдармен танысты.

Астана Мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Алихан Байменов өз сөзінде болашаққа бағдарланған ойлауды дамыту үшін осы тренингтің маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті. «Жағдайды Екібастұзда орын алған жағдай секілді шектен шығармау үшін болашақ сынақтардың алдын алатын және оларға дайындықты қамтамасыз ететін жоспарлау құралдарын пайдалану қажет», – деді Байменов.

Назарбаев Университетінің Мемлекеттік саясат жоғары мектебінің деканы
Венг Ват Хуэй перспективалық ойлау саясат қалыптастыратын адамдарға өздерінің комфорт аймағынан шығып, тікелей қызмет салаларынан тыс кеңірек жүйелі контекстті жеке және ұйымдастырушылық деңгейде  қарастыруға ықпал етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Тренингті Сингапур Ұлттық университетінің Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебінен (LKYSPP) шақырылған жетекші жаттықтырушылар Адриан Куа мен Джаред Пун өткізді. Олардың Сингапур Премьер-Министрінің Кеңсесінде мемлекеттік және жеке секторларда ұлттық және ұйымдастырушылық деңгейдегі сценарийлерді әзірлеу бойынша үлкен тәжірибесі бар.

Тренинг интерактивті форматта өтті, онда қатысушылар тыңдаушы ретінде ғана емес, сонымен қатар өз идеяларымен белсенді түрде бөлісіп, топтық пікірталастарға қатысты.

 

 

Соңғы жазбалар

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...

Электрондық қаржы орталығы Минскіде өткен IV Еуразиялық экономикалық форумға қатысты

0
МИНСК. KazUnite - Минскіде IV Еуразиялық экономикалық форум өткізіліп, ол Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына арналып ұйымдастырылды. Алқалы жиынға ЕАЭО мүше елдердің мемлекет басшылары...