КөзқарасҚазақстандық әлеуметітк желі қолданушылары ғаламдық жылыну мәселесіне қаншалықты назар аударады?

Қазақстандық әлеуметітк желі қолданушылары ғаламдық жылыну мәселесіне қаншалықты назар аударады?

 

АСТАНА. KazUnite – Қазақстандағы әлеуметітк желі қолданушыларының 40%-ға жуығы әлеуметтік желілер арқылы тарап жатқан экология, ғаламның жылынуы мәселесіне арналған посттар жеке өміріне тікелей қатысы болған жағдайда ғана оларға назар аударады. Бұл таяуда KazUnite компаниясы экология, ғаламның жылынуы мәселелеріне ел назарын аудару және халықты экологияны қорғау жолындағы күреске шақыру мақсатында әлеуметтік желілердің қолданылуы тақырыбында Қазақстандықтар арасында жүргізген сауалнама нәтижесінде анықталды.

Сауалнама Қазақстандағы әлеуметтік желі қолданушылары арасында Instagram, Facebook, Whatsapp желілері арқылы таратылған. Оған 91 адам қатысып, жауап берді.
АҚШ-тағы KazUnite компаниясы жүргізген сауална кезінде қатысушыларға “қай әлеуметтік желіден экология проблемалары көтерілген посттарды жиі көресіз?” деген ашық сұрақ пен бірнеше пункттен тұратын жауаптар көрсетілген сұрақтар ұсынылған.

«Қай әлеуметтік желіден экология, ғаламның жылынуы мәселесі қозғалған посттарды көп көресіз?» деген сұраққа, сауалнамаға қатысқандардың 50 пайызы Inatagram, 38,8 пайызы Facebook деп жауап беріпті. Одан кейінгі кезекте әлеуметтік желі қолданушылары Google, TikTok, YouTube платформаларынан экологияға арналған контентті жиі кезіктіретінін жазған.

Экологтя тақырыбындағы посттардың қаншалықты елдің назарын аударатынын анықтауға арналған сұрақ бойынша жүргізілген сауалнамаға қатысушылардың 48,9 пайызы үнемі назар аударатынын, 46,7 пайызы анда-санда назар аударатынын, ал қалған 7 пайызға жуық қатысушы экология тақырыбындағы посттарға ешқашан назар аудармайтынын айтқан.

Зерттеушілер ақпарат таратып, елдің көзқарасына ықпал етуде көрнекі (визуал) құралдардың, әсіресе, фото суреттер мен видеолрдың эмоцияға әсер ететіндей болуы маңызды екенін айтады. KazUnite cауалнамасына қатысқандардың 28,9 пайызы экологияны қорғауға, ғаламның жылынуы процесінің жедел қарқынмен өсуіне тосқауыл болатын өмір салтын таңдауға шақыратын посттардың суреті, видеосы әсерлі, эмоционалды болған жағдайда ғана экология қорғаушыларының посттарына назар аударатанын айтыпты.

Алайда сауалнамаға қатысқандардың 14,4 пайызы ғана әлеуметтік желіден экологияға арналған посттарды жиі кезіктіреді екен. Бұл «Экология мәселелерін көтеріп, экологияны қорғауға шақырған посттарды қаншалықты жиі кезіктіресіз?» деген сұраққа берілген жауаптар нәтижесінде анықталды. Дәл осы сұраққа сауалнамаға қатысқандардың 73,3 пайызы экологиялық посттарды анда-санда кезіктіремін деп жауап берсе, қатысушылардың 12,2 пайызы мүлде кезіктіомейтінін айтқан.

Сонымен, кез келген күресте әлеуметтік желілер – күшті құрал. Әлеуметтік желілерді тиімді қолдану арқылы бұқара халықтың көзқарасына, шешімдеріне ықпал етуге болады дейді зерттеушәлер.

Ал KazUnite компаниясы жүргізген сауалнама кезінде қатысушылардың 75,6 пайызы экологияны қорғау жолындағы күресте де әлеуметтік желілер маңызды рөл ойнайтынын растаған. Олар “әлеуметтік желілердегі экология мәселелері көтерілген, табиғатты қорғауға шақырған посттар әлеуметтік желі қолданушыларының шешімдеріне, өмір салтына, әдетіне ықпал етеді деп ойлайтынын айтқан. Яғни әлеуметтік желілердегі экология мәселелері, қоршаған ортаға немқұрайлы қарау болашақта адамзатты неге апарып соғатынын айтып түсіндіріп, табиғатты қорғау үшін аз өнім тұиынып, аз қалдық шығару, электр қуатын үнемдеп қолдану, табиғатқа зиянды, қайта өндірілмейтін тауралардан бас тарту сияқты ізгі амалдарға шақырған посттар желі қолданушыларының көзқарасына, кей әдеттерін өзгертуіне ықпал етеді деп сенетінін айтқан.

 

Соңғы жазбалар

АҚШ Сенаты TikTok-қа тыйым салу немесе сату туралы заң жобасын мақұлдады

0
ВАШИНГТОН. KazUnite - АҚШ Сенаты TikTok әлеуметтік желісінің иесі қытайлық ByteDance концернін басқа иелік етушіге беруге міндеттейтін заң жобасын қабылдады. Заң жобасында Қытай тарапына...

Шольц Путинге Канттың сөздерін мысалға келтіруге тыйым салды

0
Берлинде неміс философы Иммануил Канттың 300 жылдығына орай мерейтойлық жылдың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Берлин-Бранденбург ғылым академиясы мәлім етті, деп хабарлайды KazUnite тілшісі. Іс-шара Пруссия...

Грекиялықтар елдің НАТО-дан шығуын талап етті

0
Грекия астанасы Афинада коммунистік партия мен халықаралық және бейбітшілік комитетінің мүшелері қатысқан салтанатты бейбітшілік шеруі өтті, деп хабарлайды KazUnite тілшісі  902.gr-ға сілтеме жасап. Агенттіктің хабарлауынша,...

«Таза Қазақстан»: Мақаншы ауданындағы Айдынды-Алакөл жағалауы тазартылды

0
KazUnite - Қазақстанда «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы жалғасып жатыр. Абай облысы Мақаншы ауданындағы Айдынды-Алакөл жағалауында жалпы аудандық сенбілік өтті. Акцияға ауданның 11 ауылдық округі мен...

В5+1 форумында Anelya Alimova мен Business Woman KZ келісімшартқа отырды

0
АЛМАТЫ. KazUnite - Алматыда АҚШ және Орталық Азия елдері – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан үкіметтері мен іскер топтары өкілдерінің қатысуымен «В5+1» форматындағы...