АқпаратГарвардта қазақ ғалымының жаңа кітабының тұсаукесері өтті

Гарвардта қазақ ғалымының жаңа кітабының тұсаукесері өтті

 

БОСТОН. KazUnite – Гарвард университетінің Географиялық талдау жасау орталығының (Harvard Center for Geographic Analysis) зерттеуші-ғалымы, доктор Нұрлан Кенжеахметтің «VI-ХХ ғасырлардағы Қазақ хандығы және оның іргелес аймақтары туралы деректерді көне тарихи карталардан оқып-тану” атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті.

Бұл жобаға қа­тыс­қан ғалымдар мен зерттеу­ші­лер Орталық Еуразияның тарихи топони­микалық зерттеулері шаға­тай (ескі қазақ), араб, парсы, қытай, көне орыс, моңғол (ойрат), манчжур, латын және Орталық Еуразияда қолданылатын барлық қа­зіргі тілдерді қамтитын әртүрлі тіл­дегі карталар мен басқа да бас­тап­қы дереккөздерді зерттейді.

Зерттеу нысанының функционалды жұмысы барысында пайдаланушылар Қазақ­стан, Өзбекстан, Тә­жік­стан, Түрік­мен­стан, Қыр­ғыз­стан және Оңтүстік-Батыс Сібір сияқ­ты қы­зығушылық танытатын әлем­дік аймақтың картасын көр­сететін Географиялық ақпа­рат­тық жүйесінің (GIS) ин­тер­­фейсі арқылы деректерге қол жет­кізе алады. Әрі әр­түрлі тіл­дер­де нақ­ты тарихи кар­талар мен та­рихи атаулары бар жер­­лер­дің қол­­даныстағы атын өте жылдам көр­­сетіп береді.

Аталған жоба Гарвард универ­си­­­тетін­дегі­ зерт­теуші ғалым­ Нұрлан Кенжеах­меттің зерт­теу жаз­ба­ла­рын­дағы тиісті то­по­­ни­микалық деректерге сүйеніп жүзе­ге асатыны да – Қазақстан үшін қуанарлық жайт. Осындай ауқымды жобаны қазақ азаматына сеніп тапсырып отырғаны да жайдан-жай емес. Өйткені Нұрлан Кенжеахмет – осы­ған дейін алыс-жуыққа танылып үлгерген зерделі ғалым, білікті тарихшы.

Был­­­тыр ғалымның Германияда ағыл­­­­шын тіліндегі Eurasian Historical Geography as Reflected in Geographical Literature and in Maps from the Thirteenth to the Mid-Seventeenth Centuries (Ostasien Verlag, 2022) атты монография­сы жарық көрсе, ғалым 2022 жылы қазан айын­­­да С.Аманжолов атын­да­ғы Шығыс Қа­зақстан уни­вер­ситетінің 70 жыл­дық мерейтойы­на «XVIII-XIX ға­сыр­лардағы Шығыс Қазақстан тарихы» атты мо­нография­­сын тарту еткен.

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...