АқпаратҚою түтін: Канададағы өрт салдарынан америкалықтардың тынысы тарылды

Қою түтін: Канададағы өрт салдарынан америкалықтардың тынысы тарылды

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – Канададағы өрт салдарынан 100 млн америкалықтың тынысы тарылды. АҚШ-тың көрші елмен шектесетін бірқатар штатын қою түтін тұмшалады.

Канададағы өрттің түтіні АҚШ-тың шығыс жағындағы Нью-Йорк, Вашингтон, Пенсильвания сынды бірқатар штатына жайылды.

Қою түтін тұмшалаған Нью-Йорк әлемдегі ауасы ең лас қала атанды. Тұрғындар қазіргі уақытта бетпердемен жүруге мәжбүр. Нью-Йоркті, әсіресе, 7 маусым күні түтін қатты басып, бүгін аздап сейілді. Мамандардың дерегіне сүйенсек, жұма күні ауа едәуір тазарады.

Алайда Нью-Йоркті басқан түтін Атлант мұхитына қарай ауып, айналадағы табиғатты ластауын тоқтатпайды деседі.

Канаданың Альберт (батыс) және Жаңа Шотландия (шығыс) провинцияларынан кейін түтін Квебекке ауған. Квебек Американың 4 штатымен, яғни Мэн, Нью-Гэмпшир, Нью-Йорк және Вермонт штаттарымен шектеседі.

Канадалық Орманды өрттен қорғау қоғамының (Sopfeu) мәліметінше, өрттің 140 ошағы анықталған. Оның 100-ге жуығы ырық бермей жатқан көрінеді.

Квебекке халықаралық көмек, соның ішінде Франциядан 100-ге жуық өрт сөндіруші жөнелтілген. Провинциялар басшыларының дерегінше, өрт сөндірушілер санын 1200-ге жеткізу көзделіп отыр.

«Жүздеген америкалық өрт сөндіруші Канадаға келіп жетті. Басқалары әлі де жолда келе жатыр», – деп мәлімдеді Канада премьер-министрі Джастин Трюдо АҚШ президенті Джо Байденмен арадағы келіссөзден кейін.

Ал Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер бұл жағдайды өмірімізге әсер ететін тағы бір дабылды белгі екенін атап өтті.

Нью-Йоркте Бостандық мүсіні мен Манхэттеннің зәулім ғимараттары қызғылт сары тұманға оранды. Пандемия кезіндегідей көшелерде бетперделер қайта пайда болды. АҚШ үкіметі, сонымен қатар денсаулығында ақауы бар азаматтарды ауа сапасының күрт нашарлауына байланысты сақтық шараларын ұстануға шақырды.

Сәрсенбі күні қалың түтін басқандықтан, АҚШ Азаматтық авиация агенттігі (FAA) әуе қатынасын бәсеңдетіп, тіпті осы аймаққа кейбір ұшақтарды қондыруға мәжбүр болды.

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...