АқпаратАқорда Ақ үйге АҚШ-тың тәуелсіздік күнімен құттықтау жеделхатын жолдады

Ақорда Ақ үйге АҚШ-тың тәуелсіздік күнімен құттықтау жеделхатын жолдады

 

АСТАНА. KazUnite – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Тәуелсіздік күніне орай Джозеф Байденге құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Джозеф Байденді және Америка халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«Президент Қазақстан мен Американың қауіпсіздікті қамтамасыз ету, энергетика, инвестиция тарту, климаттың өзгеруіне қарсы күрес салаларындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің және екі ел халықтары арасындағы қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Мемлекет басшысы өз жеделхатында Орталық Азия аймағының қауіпсіздігі мен өзара байланысын нығайтуға қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді», – делінген Ақорданың ақпаратында. 

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев барлық саладағы ынтымақтастықтың одан әрі табысты дами беретініне сенім білдірді.

4 шілде – АҚШ тәуелсіздік күні. 1776 жылы АҚШ-тың тәуелсіздік декларациясы қабылданған. Америкалықтардың көпшілігі бұл мерекені «Шілденің төрті» деп атайды. Тәуелсіздік күні — бұл АҚШ-тың ұлттық мейрамы. Бұл мейрамда отшашулар атылады, парадтар, барбекю пісіру, карнавалдар, жәрмеңкелер, пикниктер, концерттер, бейсбол ойындары, отбасылық кездесулер ұйымдастырылады. Сондай-ақ билік өкілдері халыққа жолдау жоддайды, әртүрлі рәсімдер өткізіледі.

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...