Ақпарат«Таза Қазақстан»: Мақаншы ауданындағы Айдынды-Алакөл жағалауы тазартылды

«Таза Қазақстан»: Мақаншы ауданындағы Айдынды-Алакөл жағалауы тазартылды

 

KazUnite – Қазақстанда «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы жалғасып жатыр.

Абай облысы Мақаншы ауданындағы Айдынды-Алакөл жағалауында жалпы аудандық сенбілік өтті.

Акцияға ауданның 11 ауылдық округі мен барлық мекемелерінен 500-ден астам адам қатысып, 28 гектар аумақта жұмыс жүргізілді. Науқанға сонымен қатар 8 техника жұмылдырылып, 40 тонна қоқыс шығарылды. 800 келіге жуық бояу жұмсалып, 5 мың метрге жуық қоршау сырланып, әктелді.

Алдағы туристік маусымға толық дайындықты қамтамасыз ету үшін Айдынды-Алакөл жағалауында мамыр айында тазалық жұмыстары жалғасады.

Аудандық коммуналдық мекеме қызметкерлері осындай тазалық науқандарына атсалысумен қатар, жыл бойына Алакөл жағасын тазалауда.

Жалпы аудандық сенбіліктен қалыс қалмауға бел буған еңбек ардагері Нағима Жақиянованың да бірлесе атқарған жұмыстары халықты біріктіріп қана қоймай, тазалық жұмыстарының тиімділігін арттыратынын атап өтті.

«Тағы да бәріміз бірге тазалық жұмыстарына шығып, көп жұмыс жасадық. Оның үстіне ауданымыз жаңа, сондықтан оған ерекше, жаңаша қарауымыз керек. Біздің күш-жігеріміздің арқасында ауданымыз өте таза және ұқыпты болды. Ең алдымен, бұл бізге қуанышты, өйткені қашанда таза жерде өмір сүрген жақсы», – деді Нағима Сапарханқызы өз әсерімен бөлісті.

Сенбілікке белсене қатысқан мәдениет қайраткері Айжарық Абылқасымов жалпы мәдениет тазалықтан басталатынын атап өтті.

«Біріншіден, ауданымызды ұйымдастырғаны үшін ерекше алғысымды білдіргім келеді. Қазір Мақаншы ауданы дербес әкімшілік-аумақтық бірлік, соның арқасында біз осындай бастамаларды барынша тиімді ұйымдастырып, жүзеге асыра аламыз. Жас ұрпақтың да, аға буынның да тазалық шарасына қатысуының тәрбиелік мәні зор екенін ерекше атап өткім келеді. Өскелең ұрпақ тазалық ең алдымен өз үйінен басталатынын, айналадағы тазалық ойдың тазалығын білдіретінін ұмытпауы керек», – деді Айжарық Абылқасымов.

Әсіресе, қоршаған ортаны тазарту мен көгалдандыруға белсене атсалысқан жергілікті балалар мен жасөспірімдердің қатысуы ерекше болды. Олар үшін бұл өз қауымдастығына көмектесу тәсілі ғана емес, сонымен қатар достарымен және отбасымен таза ауада уақыт өткізу мүмкіндігі болды.

Айта кетсек, Қытаймен шекаралас аймақта орналасқан Мақаншы ауданы жыл басында ширек ғасырдан кейін Үржар ауданынан бөлініп, дербес аудан болып қайта құрылған болатын.

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...