АқпаратМаңғыстаулық велошабандоз өз арманын орындады – TRT

Маңғыстаулық велошабандоз өз арманын орындады – TRT

 

ПАРИЖ. KazUnite – 2024 Париж Олимпиада ойындарына бейбітшіліктің туын тасыған маңғыстаулық велошабандоз Рәббім Борашев өз арманын орындады. Ол 8 ел, бес мың шақырымнан астам жолдан асып, Франция астанасына жетті.

Рәббім Борашев Парижге зайыбы Айзадамен бірге барған.

Бұл туралы осы аптада Түркия Радио Телевизия порталы да хабарлады.

Аталған басылымның дерегінше, Парижде Рәббім мен Айзада Борашевтерді қазақстандықтар, туристер және Қазақстанның Франциядағы өкілетті елшісі Гүлсара Арыстанқұлова салтанатты түрде қарсы алды.

Қазақстан Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев та елшілікте велосаяхатшы Рәббім Борашевпен кездесті.

Айта кетейік, Маңғыстау облысы Ақтау қаласында маусым айында басталған сапар Париждегі Триумфальная аркада мәреcіне жетті. Велошабандоз әлемдік спорт додасында қазақстандық спортшыларды қолдау үшін велосипедімен арнайы барған болатын.

Велосипедші алдымен Ақтаудан Бакуге, содан кейін Грузия арқылы маусымда Түркияға жетті. Түркияда оны Гиресун облысының губернаторы Мехмет Фатих Серденгечти қабылдап, қонақ қылған болатын. Әрі қарай батыл велошабандоз зайыбы Айзадамен бірге Мажарстан, Аустрия және Германия арқылы Парижге жеткен.

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...