Ақпарат«Киллер емес пе»: Олимпиаданың күміс жүлдегері Юсуф Дикеч жайлы не білеміз

«Киллер емес пе»: Олимпиаданың күміс жүлдегері Юсуф Дикеч жайлы не білеміз

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – 51 жастағы түрік мергені Олимпиадада күміс жүлдеге қол жеткізгеннен кейін әлемдік интернетте жұлдызға айналды. Белгілі болғандай, бұл – Юсуф Дикечтің бесінші Олимпиадасы, бірақ алғашқы медалі, сондай-ақ оның мінсіз стилі мен жабдықты киюден бас тартуының арқасында танымал болды. Бұл туралы ол ZOOM арқылы қазақстандық Jibek Joly журналисі Күнсая Құрметпен сұхбатында айтты.

Олимпиадада 10 метр қашықтықтан пневматикалық тапаншамен оқу атудан оның барлық қарсыластары аренаға толық киіммен (экипировка) шықты. Қарапайым киім мен әдеттегі көзілдірік киген Юсуф Дикеч қана болды. Оның бір қолын қалтасына салып тұрғаны да көрермендерді таңғалдырды.

Анықталғанындай, Юсуф Дикеч ұзақ уақыт бойы Түркия Қарулы күштері жандармериясында қызмет етіп, аға сержант шенімен босаған. Ол алғаш рет 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында өнер көрсетті. Бірақ содан бері жеңіс тұғырына көтеріле қойған жоқ еді.

Түркия құрамасы тарихында алғаш рет Олимпиада жүлдегері атанған Юсуф Дикеч алдағы уақытта алтынға қол созатынын да жасырмады.

«Жарыс біткеннен кейін мен бірден Түркияға оралдым. Бәрі менің арнайы киімсіз шыққаныма таңғалды. Түсіндірейін. Мұның себебі мынада. Мен арнайы линза мен құлаққап кисем, өзімді өте ыңғайсыз сезінемін. Нысана көздеу – бұл спорт, онда сен өзіңді жайлы сезініп, бар зейініңді соған салуың керек. Сондықтан мен арнайы киім кимеймін», – деді 51 жастағы мерген. 

Юсуф Дикечтің айтуынша, оқ атумен айналысқанына 24 жыл болған. Әскер қатарында жүріп, нысана көздеуді үйренген. Содан кейін кәсіби түрде айналыса бастаған.

Өзінің сөзіне қарағанда, бұрын оны көп ешкім білмесе, Олимпиададан кейін көшемен жай жүру мүмкін емес. Көрген адам тоқтап, құттықтап, суретке түсуді сұрайды. Тек Түркияда ғана емес, Юсуфті спортқа жақын бүкіл әлем біледі десе, артық айтқандық болмас. Әлеуметтік желі арқылы жазып, танысқысы келетіндер аз емес.

«Мен қазақстандық спортшыларды жақсы білемін. Олармен мен іріктеу сатысында, сосын финалда сынға түстім. Қазақстандық мергендермен байланыстамын. Олимпиадада нәтижеге қол жеткізу үшін тынбай жұмыс істеп, еңбектену керек. Болашақта қазақстандық мергендердің жақсы табыстарға жететініне сенемін. Өйткені еңбек нәтиже бермей қоймайды. 24 жыл бойы жаттығып, бесінші Олимпиадамда ғана медаль алып отырмын. Мен келесі Олимпиадаға қатысқым келеді. Бапкеріме Лос-Анджелесте 2028 жылы алтын медаль алатынымды айттым, ол, әрине, күлді. Біз онымен 20 жыл бойы доспыз. Енді алтын жүлде үшін еңбектенемін. Барлығыңызға мың алғыс, Түркиядан барша Қазақстан халқына сәлем жолдаймын», – деді Юсуф Дикеч.

Әлеуметтік желі қолданушылары Юсуф Дикеч туралы түрлі пікір жазып жатыр. Олардың бірі: «егер бір көзін қысса, алтын медаль алатын еді» деп жазса, енді бірі: «кәсіби киллер емес пе екен?» деген пікір қалдырды.

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...