АқпаратҚазақстан азаматы «Сеулдің құрметті тұрғыны» атағына ие болды

Қазақстан азаматы «Сеулдің құрметті тұрғыны» атағына ие болды

 

СЕУЛ. KazUnite – Сеул қаласы әкімдігінде «Сеулдің құрметті тұрғыны» атағын табыстау салтанатты рәсімі өтті. Биыл бұл жоғары марапатқа Қазақстан азаматы, Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшілігінің қызметкері Руслан Қайрамбаев ие болды.

Бұл атаққа 1958 жылы тағайындалғаннан бері әлемнің 100 елінен барлығы 933 адам ие болған. Атақ Сеулдің дамуына айтарлықтай үлес қосқан шетел азаматтарына беріледі. Биыл бұл атақ халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және қаланың өркендеуіне үлес қосқан 16 лауреатқа табысталды.

Сеул әкімінің бірінші орынбасары Ким Санг Хан марапат иелерінің елеулі жетістіктерін атап өтіп, олардың жемісті еңбегі үшін алғысын білдіріп, халықтар мен мәдениеттердің жақындасуының маңыздылығын ерекше атап өтті.

Руслан Қайрамбаев өткен жылдың желтоқсан айында жасаған ерлігі үшін жоғары бағаға ие болды. Ол жер асты автотұрағынан шығып келе жатқан жанып жатқан автокөлікті өрт сөндірушілер келгенге дейін сөндіріп, жалынның таралуының алдын алып, адамдардың өмірін сақтап қалған.

Барлық лауреат атынан сөз сөйлеген қазақ дипломаты Сеул қаласының әкімдігіне көрсеткен құрметі үшін алғыс айтып, өз әрекетін ерлік деп санамайтынын жеткізді.

«Менің орнымда болған кез келген адам дәл солай жасар еді», – деді ол.

Сондай-ақ ол бұл марапат Қазақстан мен Корея арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етеді деген сенімін білдірді.

Бұл марапат Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы екіжақты байланысты нығайту мен халықаралық қарым-қатынастарды дамытудағы ынтымақтастықтың маңыздылығын айқындайды.

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...