АқпаратАҚШ-та тұңғыш рет қазақтардың құрылтайы өтеді

АҚШ-та тұңғыш рет қазақтардың құрылтайы өтеді

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – Америкадағы қазақтардың тұңғыш құрылтайы 2025 жылдың 3 тамызында Нью-Йорк қаласында өтеді.

Құрылтайды Нью-Йорк штатындағы «Қазақ Америка орталығы» ұйымдастырады. Орталықтың төрағасы Бейбітхан Бөрінің айтуынша, құрылтайдың күн тәртібінде бірқатар мәселе қарастырылады.

Мысалы, Ортақ коммуникация және ақпараттандыру. Яғни әр штат арасында тұрақты байланыс орнатып, қазақтардың басын біріктіретін ортақ хабарландырулар ұйымдастыру жүйесін құру (call center); «Тәуелсіз Қазақ Қорын» заңды түрде тіркеу. Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл қор АҚШ-тағы қазақ диаспорасының дамуына зор ықпал етеді.

 

Сонымен қатар құрылтайда «Тәуелсіз Қазақ Қорының» тиімді жұмыс істеуі үшін белсенді мүшелері тағайындалмақ.

Бұдан бөлек, Қазақ диаспорасы арасында кәсіпкерлікті дамыту мәселесі, сондай-ақ Қазақ мәдени орталықтарын әр штаттан ашу да қарастырылмақ.

«АҚШ-тың әр штатында қазақ мәдениетін насихаттайтын, ұлттық салт-дәстүрді сақтайтын және жаңа мамандыққа үйрететін орталықтар ашуды қарастырамыз. Жалпы, бұл құрылтай АҚШ-тағы әр қазақ үшін маңызды. Бірлік болмай, тірлік болмас!» – деді «Қазақ Америка орталығының» төрағасы Бейбітхан Бөрі.

Оның айтуынша, бұл іс-шараға әлемнің кез келген еліндегі қазақтар қатыса алады. Қазірдің өзінде Еуропада тұратын қазақтар тарапынан құрылтайға қатысуға ниет білдіріп отырғандар бар.

 

Соңғы жазбалар

ЖИ және мемлекеттік басқару: Орталық Азия мен АТМ елдері Корея тәжірибесін зерделеуде

0
Орталық Азия, Кавказ және Азия-Тынық мұхиты өңірлерінен келген 12 елдің 30-дан астам мемлекеттік қызметшісі цифрлы мемлекеттік басқарудағы жасанды интеллект бойынша Кореяның озық тәжірибесін зерделеу...

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Редакция поштасынан: Қос бәйтерегімнің асыл бейнесі

0
Редакциямызға келіп түскен Назгүл Мауытханқызының ата-анасы жайлы мақаласын оқырман назарына сол қалпында ұсынамыз. Қос бәйтерегімнің асыл бейнесі Тәтті балалық шағым.  Алаңсыз, уайымсыз күндерім. Ыстық ұямдағы ...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...