АқпаратНью-Йоркте Әлихан Бәйменовтің кітабының тұсаукесері өтті

Нью-Йоркте Әлихан Бәйменовтің кітабының тұсаукесері өтті

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілдігінде Астана мемлекеттік қызмет хабының басқарушы комитет төрағасы, Мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бәйменовтің «Посткеңестік 15 елдегі мемлекеттік басқарудың эволюциясы: трансформацияның түрлілігі» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Шараға БҰҰ-дағы Қазақстанның тұрақты өкілі Мағжан Ілиясов, БҰҰ бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның халықаралық азаматтық қызмет жөніндегі комиссиясының төрағасы Ларби Джакта мен БҰҰ-ның Азаматтық қызмет жөніндегі халықаралық комиссиясының мүшесі, (ASPA) Мемлекеттік басқару жөніндегі америкалық қоғамының халықаралық директоры, IIS-тің бұрынғы президенті Пан Сук Ким және басқа да халықаралық ұйымдар өкілдері, осы кітаптың шығуына үлес қосқан 15 елдің мемлекеттік қызмет өкілдері мен осы тақырыпта зерттеп жүрген ғалымдар қатысты.

Бұл кітапта КСРО-ның құрамында, Кремльге бағынышты болған елдердің тәуелсіздік алғаннан кейінгі мемлекеттігін қалай қалыптастырып, қалай дамытып келе жатқаны баяндалады. Сонымен қатар кітапта соңғы 30 жылдықта посткеңестік 15 елдің басынан өткерген қиындықтары мен тоталитарлық саяси жүйеден басқарушылыққа аяқ басқаны, сонымен қатар экономиканың плюралистік саяси жүйеден нарықтық экономикаға өткені туралы жазылған.

Қазіргі Ресейдің Украинаға шабуылы тұсында бұл кітаптың маңызы арта түсетіні анық. Себебі мұнда тәуелсіз мемлекетті нығайту тұрғысындағы әр елдің үлгісі, өзгелерге берер сабағы да қамтылған.

Сондай-ақ бұл кітаптың бұған дейін арандатушылар тарапынан айтылып келген «Қазақстанда бұрын мемлекет болмаған» деген сөздеріне де тойтарыс беретіні даусыз.

Айта кетсек, посткеңестік 15 елдің мемлекеттік басқару ісіне және мемлекеттік қызмет реформаларының жаңаруына атсалысқан 25 ғалым және практиктермен 2 жылдық әріптестік орнатудың нәтижесінде жарыққа шыққан кітап әлемге әйгілі Palgrave Macmillan баспасында басылған.

БҰҰ-ның Азаматтық қызмет жөніндегі халықаралық комиссиясының мүшесі, (ASPA) Мемлекеттік басқару жөніндегі америкалық қоғамының халықаралық директоры, IIS-тің бұрынғы президенті Пан Сук Ким бұл кітаптың 15 посткеңестік ел жөніндегі алғашқы зерттеу екенін атап өтті.

Кітаптың саясаттану ғылымы үшін де, тәжірибе үшін де маңызы зор. Сондықтан тұсаукесерге жиналған БҰҰ өкілдері, саясаттанушы ғалымдар мен мемлекеттік қызмет саласындағы шетелдік мамандар осы еңбегі үшін Әлихан Бәйменовке зор алғыстарын жеткізді.

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...