АқпаратАҚШ-та Қазақстанмен арадағы әуе қатынасы туралы Келісім күшіне енді

АҚШ-та Қазақстанмен арадағы әуе қатынасы туралы Келісім күшіне енді

 

ВАШИНГТОН. 1 сәуір. KazUnite – Бүгін АҚШ Мемлекеттік депртаменті Америка мен Қазақстан арасындағы әуе қатынасы туралы Келісім күшіне енгенін мәлімдеді.

Бұл келісімге 2019 жылдың 30 желтоқсанында қол қойылған болатын.

Екіжақты келісім АҚШ-тың ашық аспан астындағы халықаралық авиациялық саясатына және авиациялық қауіпсіздігінің жоғары стандарттарына қатысты міндеттемелеріне сәйкес, Азаматтық авиацияның Қазақстанмен қазіргі заманғы қатынастарын белгілейді. Келісім шектеусіз өткізу қабілеті мен қызмет көрсету жиілігін, ашық маршруттарға құқықтарды, либералды чартер режимін және кодтарды ортақ пайдаланудың ашық мүмкіндіктерін көрсететін ережелерді қамтиды.

«АҚШ тарабы бұл қадамды Орта Азиядағы Халықаралық Азаматтық авиация секторын либерализациялауға ықпалы тиетін қадам деп бағалап отыр. Бұл АҚШ пен Қазақстан, АҚШ пен Орта Азия елдері арасындағы берік экономикалық және сауда серіктестігін одан әрі кеңейтеді. Оған қоса, екі құрлықтағы адамдар арасындағы байланысты дамытады, авиакомпаниялар, туристік компаниялар мен клиенттер үшін жаңа мүмкіндіктер жасайды.  Авиатасымалдаушылар саяхатшылар мен жүк жөнелтушілерге барынша қолжетімді, ыңғайлы және тиімді авиатасымалдарды ұсынатын болады. Бұл өз кезегінде Қазақстан мен Орта Азиядағы туризм мен сауданың дамуына ықпал етеді», – делінген АҚШ Мемлекеттік Департаменті таратқан ақпаратта.

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...