Өмір салты1 500 км жаяу жүріп өткен елордалық жиһанкез қалай жаттығады

1 500 км жаяу жүріп өткен елордалық жиһанкез қалай жаттығады

 

НҰР-СҰЛТАН. KazUnite – 2020 жылдың күзінде 36 күн ішінде 1 500 шақырымдық жолды жаяу жүріп өткен елордалық 61 жастағы жиһанкез Сәрсенбай Ерқасымов қалай жаттығатынын айтты.

Сәрсенбай Ерқасымов – «Ақсарбаз» клубының жетекшісі, жиһанкез, этнограф, тарихшы, өлкетанушы, спортшы. Өзінің айтуынша, жас кезінде кәсіби түрде каратэмен айналысқан. 2020 жылдың күзінде ол Әбу Насыр Әл-Фарабидің туғанына 1 150 жыл, Бекет атаның туғанына 270 жыл, Абай Құнанбайұлының туғанына 175  жыл толуына және «Алтын орда» мемлекетінің 750 жылдық мерейтой құрметіне орай 1 500 шақырымдық жолды жаяу жүріп өткен болатын.

Сапардың уақыт бойынша ұзақтығы – 36 күн мерзімді құраған. Маршрут елорданы қоспағанда, Қазақстанның 4 облысын, яғни Түркістан облысы, Шәуілдір ауданы, Шәуілдір кенті Әл-Фарабидің туған жері – Отырар ауданы Арыстанбап мазары – Түркістан қаласы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі – Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Жосалы кенті Қорқыт ата кешені – Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Бозой кенті – Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ескі Бейнеу Бекет ата мешіті маршрутын қамтыған.

«Жалпы, ойлап қарасаңыз, 40 шақырымдық марафонға жүгіру үшін жарысқа қатысушы спортшы кем дегенде жарты жыл жаттығады. 5, 10, 20 шақырымдық қашықтыққа жүгіріп, дайындалады. Ал 40 км деген – мен үшін күнделікті қалыпты жағдай, яғни түске дейін 20 км, түстен кейін 20 км. Бұл – менің ең төменгі көрсеткішім. 5-7 км/сағат жылдамдықпен жүрсем, орташа есеппен күніне 50 шақырымды жүріп өтемін. Ал жақсы тыныққан күндері көңіл күй дұрыс болса, 60 шақырымға дейін еңсеремін. Алайда кей күндері жол бойында асхана болмағандықтан, таңғы және кешкі уақытта, екі-ақ уақыт тамақтанатын кездер болды», – деді Сәрсенбай Ерқасымов.

Осы ұзақ сапарында ол 4 аяқ киім тоздырыпты. Айтуынша, бұған дейін де жиһанкез екі рет ұзақ жолды жаяу еңсерген.

«Баратын орындарымның жолын алдын ала зерттеген жоқпын. Бірден жаяу жолға шықтым. Қазіргі уақытта интернет GPS бар ғой. Қазақстанның картасын да алып алдым. Жалпы, бұған дейін де жаяу сапардан тәжірибем бар. 2000 жылы Бекет атаның 250 жылдығында да 1 400 шақырымды жүріп өткенмін. Ол кезде үш облысты, яғни Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарын жалғадым. 39 жаста едім ол уақытта. Одан кейін Бекет атаның 260 жылдығында 300 шақырым жүрдім. Үшінші сапарым 1 500 шақырым болды», – деді ол.

Сонымен қатар ол алдағы уақытта Қазақстанның біраз өңірін жаяу аралауды жоспарлап жүргенін айтып өтті.

«Түркістан облысындағы Қылует жер асты мешіті мен Бекет ата мешітінің арасын, ежелгі «Жібек жолын» жүріп өттім ғой. Енді келесі жолы жақында ашылған Бекет атаның төртінші Тобықты мешіті мен жер асты мешітінің арасын қоссам деймін. Бұл Каспий теңізіне жақын жерде орналасқан. Жалпы, айта берсек, Қазақстанның әр өңірінде киелі орындар, зерттелмеген белгісіз бабалардың бейіті көп қой. Нұр-Сұлтан қаласынан шықсақ, Таңбалы тас, Ұлытау, ондағы Тәуке ханның резиденциясы болған жер бар, Көкшетау жаққа шықсақ, Абылай ханның резиденциясы болған жер бар, Семей жақта Абай елі бар, сонымен қатар Бетпақ дала мен Қорқыт атаның арасын қоссам деймін. Осы жерлердің көбіне барсам деген ойым бар. Дәм тартып жатса, бабаларымыздың табанының табы қалған осы киелі орындарға мен де табанымды тигізермін деп үміттенемін», – деді өлкетанушы.

Instagram аккаунтында жаттығуынан үзінді бейнежазба жариялаған жиһанкез:

«Жастарға спортты насихат етіп, кішкене болса да үлгі бола алсам болды», – деді.

Бейнежазбада көрсетілгендей, 47 минут ішінде Сәрсенбай Ерқасымов 6 294 қадам жасады.

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...