АқпаратАҚШ-та киберқауіпсіздікті қорғайтын жаңа мекеме құрылды

АҚШ-та киберқауіпсіздікті қорғайтын жаңа мекеме құрылды

 

ВАШИНГТОН. KazUnite – АҚШ-та Киберкеңістік және цифрлық саясат жөніндегі Бюро құрылды. Бұл туралы бүгін АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз қызметінің кеңсесі мәлімдеді.

Kиберкеңістік және цифрлық саясат бюросы (CDP) Ұлттық қауіпсіздік мәселелері, киберкеңістікке, цифрлық технологияларға және цифрлық саясатқа байланысты АҚШ құндылықтарының экономикалық мүмкіндіктерін сараптау сияқты жұмыстарды атқарады.

CDP бюросы үш саяси бөлімшеден тұрады: Киберкеңістіктегі халықаралық қауіпсіздік, Ақпарат және коммуникациялар саласындағы халықаралық саясат және Цифрлық бостандық.

Бүгін қызметін бастаған мекемеге жоғары дәрежелі дипломатиялық қызметтің қызметкері Дженнифер Бахус бюро хатшысы көмекшісінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Мишель Маркофф Мемлекеттік хатшының киберкеңістіктегі халықаралық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісінің орынбасары қызметін атқаратын болды. Стивен Андерсон Мемлекеттік хатшының халықаралық ақпараттық және коммуникациялық саясат жөніндегі көмекшісінің орынбасары қызметін, ал Блейк Питерсон цифрлық Бостандық жөніндегі үйлестіруші қызметін атқарады.

Осылайша, АҚШ киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты су жаңа мекеменің біраз қызметкерін бекітіп үлгерді. Ал бюроны Сенаторлардың сынынан өткен ерекше тапсырмаларды орындауға қауқарлы маман басқаратын болады.

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...