АқпаратЖас журналистер арасында халықаралық байқау жарияланды

Жас журналистер арасында халықаралық байқау жарияланды

 

НЬЮ-ЙОРК. АҚШ-та тіркелген KazUnite медиа компаниясы мен «Біріккен Алаш» қоры Қазақстанның Тәуелсіздігі күніне орай студенттер арасында «Тәуелсіздік – тұғырым!» атты мақала жазудан халықаралық байқау жариялайды.

Байқаудың мақсаты – Қазақстанның көрші және бауырлас, сонымен қатар достық ниеттегі елдермен, соның ішінде АҚШ-пен қарым-қатынасын, дипломатиялық байланысын дәріптеу. Айта кетсек, АҚШ – Қазақстанның Тәуелсіздігін алғашқы болып мойындаған елдердің бірі. Егемендік алғаннан кейін ғана еліміз Америка Құрама Штаттарымен тығыз байланыс орнатқан болатын.

Байқауға әлемнің кез келген жерінен жазуға бейімі бар (қазақ тілінде жазатын) университеттер мен колледж студенттері қатыса алады.

Мақалада авторлар Қазақстанның Тәуелсіздігін ең алғашқы болып мойындаған елдермен, соның ішінде АҚШ-пен қарым-қатынасы, достығы, саяси-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланысы туралы барынша жан-жақты талдап жазуы керек. Сарапшылардың пікірі де ескерілуі тиіс.

Мақала көлемі 14 шрифтпен, А4 парағымен есептегенде 1,5-2 беттен аспауы қажет.

Байқауға белгілі тележүргізуші, Qazaqstan ұлттық арнасының қызметкері, Нью-Йорк фильм академиясының түлегі Арай Канапьяева(АҚШ), «Turkistan» телеарнасының атқарушы директоры Жанна Жайлаубайқызы (Қазақстан), Forbes Kazakhstan журналының тұрақты авторы, интервью алушысы Халықаралық медиа сарапшы Айжан Көшкенова (Қазақстан), Kaznews.mn ақпарат агенттігінің басшысы Өмірбек Қабай (Моңғолия), белгілі диктор, «Ақпарат саласының үздігі» Қуат Ахметжанов (Қазақстан) және «Elorda Aqparat» медиа холдингінің журналисі Гүлмира Аймағанбет (Қазақстан) сынды сала мамандары қазылық етеді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мақтау қағаздарымен және қаржылай сыйлықпен (1-орын – 100 000 теңге; 2-орын – 50 000 теңге; 3-орын – 25 000 теңге) марапатталады.

Материалдар 15 желтоқсан күні Астана уақытымен сағат түнгі 23.00-ге дейін қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін материалдарды төмендегі электрондық поштаға жолдау керек:

nurekekakish@gmail.com

Байланыс (WhatsApp) нөмірі: +7 775 501 33 38 Нұрдәулет (қосымша сұрақтар болса, тек уатсаптан жазамыз).

Материалмен қоса байқауға қатысушы жеке куәлігінің көшірмесін немесе электронды нұсқасын және студенттік билет суретін яки оқу орнынан анықтама жолдауы тиіс.

Конкурс қорытындысы 16-20 желтоқсан аралығында kazunite.com халықаралық онлайн газетінде және басылымның әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Айта кетейік, KazUnite – АҚШ-тағы қазақ тілінде ақпарат тарататын тұңғыш басылым.

Атауының түсіндірмесі: Kaz – Kazakhstan, қазақ; Unite – United States of America, қазақша аудармасы – бірлік.

Құрылтайшысы: Журналист Нәзира Байырбек. 2001 жылы еңбек жолын республикалық «Жас Алаш» газетінен бастап, 2019 жылға дейін «Қазақ әдебиеті», «Айқын», «Астана ақшамы» газеттерінде, «Жалын», «Қазақстан музейлері» журналында қызмет атқарған. «Билік – биіктік емес», «Нұржамал», «Күләш Ахметова», «Журналистік жұлдызды сәттері», «Қайсарлық пен қайраткерлік» кітаптарының авторы. Журналистика бойыншы бірқатар конкурстың жеңімпазы. «Дарын» жастар сыйлығының иегері. Қазіргі таңда АҚШ-тың Оңтүстік Юта университетінің (SUU) магистратура бағдарламасы бойынша студенті.

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...