АқпаратАмерика жайлы арман визамен шектеле ме

Америка жайлы арман визамен шектеле ме

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – Ел кезіп, жер көруді, дамыған елдерде білім алып, тәжірибе жинап, табысқа жетуді көздейтіндердің көпшілігі алпауыт Американы армандайды. Әлемде азаматтары Американы бір көруге қызықпайтын ел кемде кем.
Осыншалықты тартымды ел болудың игілігі мен пайдасын Америка аз көріп отырған жоқ. Алайда Америка деп аптыққан адамның бәрінің бұл елді көру мүмкіндігі бар деп ойласаңыз, қателесесіз.

Қызығы, Америка жайлы арман да кезең-кезең бойынша өседі екен. Әрең дегенде виза алып, 50 штатты ұйыстырған елге бір табан тіреп алған соң, басқа мүмкіндіктерді көріп, көпшілік бұрын тіпті ойлап та көрмеген жаңа нәрселерге қол соза бастайды. Виза – солардың басы ғана.

Ендеше азаматтардың Америка жайлы арманы виза алумен шектеліп қалмайтынын қадам-қадам бойынша түсіндіріп көрейік.

ВИЗА. Алдымен барлығы АҚШ еліне виза алуды армандайды. Ол дегеніміз – Америкаға еркін кіру. Егер ешқандай заң бұзбаған адамның қолында визасы болса, шекарадан кедергісіз өтеді. Ашығын айту керек, Америкаға табан тіреген адамның жұмыс істеп, табыс табуды ойламауы мүмкін емес. Доллардың құны әлемде жоғары бағаланатындықтан, мұндағы табыс көзі де жоғары. Өмір сүру, пәтер жалдау қаншалықты қымбат болса да, жоғары табыс үшін әлемнің түкпір-түкпірінен азаматтардың бұл елге ағылатыны сондықтан.
Қазіргі уақытта көптеген азаматтар Америкаға туристік немесе студенттік визамен барып та жұмыс істей береді. Алайда бұл заңға қайшы. Ұсталып қалған жағдайда ешкім оның құқығын қорғамайды. Және бұл азаматтың екінші мәрте АҚШ-қа келуіне тыйым салынады.

ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ РҰҚСАТ АЛУ. Бұл – азаматтардың визадан кейінгі арманы. Яғни бұл дегеніміз – Қазақстандағы ЖСН (ИИН) сияқты АҚШ қоғамдық қауіпсіздік нөмірін, яғни SSN деген нөмір алу. Мұндай құжаты барлар заңды жұмыс істеп, салық төлей алады. Ал салық төлегеннен кейін осы елдің бюджетіне үлес қосып отырған азамат ретінде түрлі жеңілдіктерге ие болады. Мәселен, өткен пандемия кезінде әр азаматқа жәрдемақы тағайындалғанда, АҚШ азаматтығына қарамай, салық төлеген шетелдіктердің бәріне ақша үлестірді.

ГРИН КАРТА. Америкаға барып, жұмыс істеуге рұқсат алған азаматтардың келесі арманы – Грин карта. Атап өту керек, грин карта алған адам мен АҚШ азаматтығын алғандардың айырмашылығы шамалы ғана. Грин картасы барлардың ең тамаша мүмкіндігі – жоғары оқу орындарына тапсырғанда оқу ақысы америкалықтармен бірдей болады. Мәселен, қандай да бір оқу орнының ақысы шетелдіктер үшін 40 мың доллар болса, грин карта иелеріне 20 мың доллар төлеу қарастырылған. Өйткені грин-карта алу – осы елдің тұрақты тұрғыны болу деген сөз. Мұның тағы бір артықшылығы, SSN нөмірін алғандардың Америкада бизнес бастауына мүмкіндік болады, бірақ қайырылымдық қорын құра алмайды. Ал грин картасы барлар бизнестің кез келген түрімен еркін айналыса береді. Өйткені олар осы елдің тұрақты азаматтарының қатарына кіреді.

АҚШ АЗАМАТТЫҒЫ. Америкаға қатысты құжат алудың ең соңғы нүктесі, ең биігі – АҚШ азаматтығын алу. Грин-карта алу мен Америка азаматтығын алудың аса көп айырмашылығы жоқ екенін жоғарыда айттық. Азаматтық алған адамның грин-карта алған адамнан ең үлкен басты артықшылығы – олардың сайлауға қатысып, дауыс бере алуында. Ал грин-карта иесі сайлауға қатыса алмайды. Сондықтан көпшілік Америка азаматтығын аса қажет те етпейді.

Егер шетелден барған азаматтардың бәрі Америкаға барып қалып қоюды армандайды десеңіз, қателесесіз.
Олар бар болғаны грин-карта алып, соның мүмкіндіктерін пайдаланып, жоғары табысқа жетуді ғана көздейді.
АҚШ азаматтығын алу үшін грин-картамен кемінде 5 жыл АҚШ-та тұру қажет.

АҚШ азаматтығын алу үшін алдымен АҚШ тарихы және мемлекеттік, үкіметтік құрылымы және АҚШ Конституциясы жайлы тест тапсырады. Конституция қағидаларына адалдық танытудан бөлек, азаматтық алғысы келетін әр адам мұнда ағылшын тілінде оқи алуы, жаза алуы және сөйлей алуы маңызды. Сонымен қатар бұрын заң бұзбаған, қылмыс жасамаған, жақсы моральдық қасиеттерге ие адам болуы шарт.

 

Соңғы жазбалар

ГРАФ МОНТЕ-КРИСТО – КЕШІГІП ҚАЙТҚАН КЕК

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Кездейсоқ қазынаға тап болған адамның ақшасы көбінесе қолға ұстаған мұз тәрізді еріп кетеді. Ал мақсаты бар адамның қолында ол мүмкіндіктер мен...

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды. Сапар барысында ол БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді. Сондай-ақ ҚР Президенті «Орталық...

Орталық Азия мен Кавказ елдерінің үкімет өкілдері Корея Республикасының озық цифрлық тәжірибесін зерделеуде

0
Орталық Азия және Кавказдың жеті елінен келген 20-дан астам мемлекеттік қызметшіден тұратын делегация мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтерді табысты цифрлық трансформациялау үшін озық тәжірибелер,...

Бәсекелесі жоқ бизнес – кәсіпкер Кемелбек Әбдуәлімен сұхбат

0
KazUnite - Халық тұрмысында мал терілерін қарапайым жолмен ұқсату – көптен бері келе жатқан кәсіптің бірі. Халық өнеркәсіпшілігіне аса мән берген қазақ халқы тері...

Нью-Йоркте тұратын қазақ қызы Семей маңындағы ауылына сәлем жолдады

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - «Америкадағы өмір салт-дәстүрге, қазақтың ұлттық құндылығын тереңірек тануға деген қызығушылықты арттырды». Бұл туралы Нью-Йоркте тұратын қазақ қызы Розлана Ерғалиева айтты. «Адамға жүрген...