АқпаратВашингтонда Қазақстанда өтетін референдум талқыланды

Вашингтонда Қазақстанда өтетін референдум талқыланды

 

ВАШИНГТОН. KazUnite – Қазақстанның Америка Құрама Штаттарындағы Елшілігі 1 маусымда «Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар қабылдау мәселесі бойынша алдағы республикалық референдум» тақырыбында онлайн кездесу өткізді. Оған Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Ержан Ашықбаев және АҚШ-та тұратын, білім алып жатқан қазақ азаматтары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Онлайн кездесу кезінде Референдумға қатысу үшін қайда бару керегін, Конституциядағы Президенттің құзыры жайлы сұрақтар қойылды.
Америкадағы қазақ азаматтары ҚР Елшілігі өкілдеріне тақырыптан тыс сұрақтар да қойды. Соның ішінде, Қаңтар оқиғасы жайлы сұрағандар болды. Ең көп қойылған сұрақтар Қазақстандағы мемлекеттік тілдің тағдырына байланысты болды. Атап айтсақ, Конституцияның 7-бабының 2-тармағын алып тастау, Қазақстанда мемлекеттік қызметке қабылдарда және ҚР азаматтығын берерде үміткерден ел тарихы мен мемлекеттік тілді білуін талап ету жайлы сұрақ жиі қойылды.

Онлайн жиында kazunite.com-ның АҚШ-тағы өкілдері де өз сұрақтарына жауап алды.

АҚШ-тың кейбір ЖОО-ның филиалын Қазақстанда ашу жоспарда бар екені бұдан бұрын айтылды. Бұл жоспар қашан іске асады және қандай университеттердің филиалы ашылмақ деген сұраққа Елшілік өкілі жауап берді. Ал Қазақстан жастарына елден шықпай-ақ АҚШ университеттерінде оқу мүмкіндігін тудыру, соның ішінде АҚШ университеттерінің филиалдарын ашу мәселесі бойынша сұрағанымызда әзірге тек Солтүстік Қазақстан университеті мен Аризона мемлекеттік университеті арасында келісім жасалып жатқанын, биыл күзде құжаттарды дайындау мен келіссөз жасасу процесі аяқталуы мүмкін екені айтылды.

Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігі болашақта АҚШ-тағы қазақтардың басын қосатын іс-шараларды өткізу жоспарда бар екенін жеткізді.

 

Соңғы жазбалар

ЖИ және мемлекеттік басқару: Орталық Азия мен АТМ елдері Корея тәжірибесін зерделеуде

0
Орталық Азия, Кавказ және Азия-Тынық мұхиты өңірлерінен келген 12 елдің 30-дан астам мемлекеттік қызметшісі цифрлы мемлекеттік басқарудағы жасанды интеллект бойынша Кореяның озық тәжірибесін зерделеу...

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Редакция поштасынан: Қос бәйтерегімнің асыл бейнесі

0
Редакциямызға келіп түскен Назгүл Мауытханқызының ата-анасы жайлы мақаласын оқырман назарына сол қалпында ұсынамыз. Қос бәйтерегімнің асыл бейнесі Тәтті балалық шағым.  Алаңсыз, уайымсыз күндерім. Ыстық ұямдағы ...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...