АқпаратАҚШ елшісі қазақ ұлттық идентификациясын дәріптеді

АҚШ елшісі қазақ ұлттық идентификациясын дәріптеді

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм Қостанайға барып, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішіне тағзым етті. Бұл туралы KazUnite тілшісі АҚШ елшілігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қостанайға алғаш рет келдім. Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішін көру мен үшін үлкен мәртебе», – деді АҚШ елшісі.

Дэниел Розенблюм ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының кезінде қазақ халқы үшін ағартушылық бағытта қыруар жұмыс атқарып, әліпбиінің негізін қалағанын, алғашқы қазақ газетін ашқанын және басқа да атқарған сүбелі істері туралы айтты.

«Америка Құрама Штаттары Қазақстанның бірегей болмысын атап өтуде қолдау көрсететін сенімді серіктесі. Aсcses сияқты бағдарламалар негізінде мәдени алмасулар мен гранттар арқылы және Қазақстанның дарынды шығармашылық тұлғаларымен ынтымақтастықта білім беруді дамытуға, байланысты нығайтуға атсалысып жатырмыз», – деді Дэниел Розенблюм.

 

Соңғы жазбалар

ЖИ және мемлекеттік басқару: Орталық Азия мен АТМ елдері Корея тәжірибесін зерделеуде

0
Орталық Азия, Кавказ және Азия-Тынық мұхиты өңірлерінен келген 12 елдің 30-дан астам мемлекеттік қызметшісі цифрлы мемлекеттік басқарудағы жасанды интеллект бойынша Кореяның озық тәжірибесін зерделеу...

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Редакция поштасынан: Қос бәйтерегімнің асыл бейнесі

0
Редакциямызға келіп түскен Назгүл Мауытханқызының ата-анасы жайлы мақаласын оқырман назарына сол қалпында ұсынамыз. Қос бәйтерегімнің асыл бейнесі Тәтті балалық шағым.  Алаңсыз, уайымсыз күндерім. Ыстық ұямдағы ...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...