АқпаратЭлектрондық қаржы орталығы Минскіде өткен IV Еуразиялық экономикалық форумға қатысты

Электрондық қаржы орталығы Минскіде өткен IV Еуразиялық экономикалық форумға қатысты

 

МИНСК. KazUnite – Минскіде IV Еуразиялық экономикалық форум өткізіліп, ол Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына арналып ұйымдастырылды. Алқалы жиынға ЕАЭО мүше елдердің мемлекет басшылары қатысты.

Форумға Қазақстанның «Электрондық қаржы орталығы» АҚ өкілдері қатысып, мемлекеттік сатып алу саласындағы цифрландырудың отандық тәжірибесімен бөлісті.

«ЕАЭО-дағы мемлекеттік сатып алулар: шынайылық, мүмкіндіктер және перспективалар» сессиясында «Электрондық қаржы орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Денис Свирский арнайы баяндама жасады.

«Қазақстандағы электронды дүкендер арқылы сатып алу – қолжетімділікті, ашықтық пен шағын және орта бизнесті қоса алғанда, қызмет ұсынушылардың кең ауқымын тартуды аңғартады», – деді Д.Свирский.

Форум кезінде компания өкілдері адал өндірушілерді қорғау мен бюджет шығыстарын оңтайландыруға бағытталған мемлекеттік сатыпалымды цифрландырудың отандық тәсілін көсертті. Шығыстарды тиімді жұмсау мен олардың ашықтығына қойылатын талаптардың ұлғаюына байланысты электронды дүкен сынды цифрлы тетік дамудың негізгі құралдарының біріне айналып отыр.

Бұдан бөлек Д.Свирский тауарлардың каталогы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы әрі әділ баға саясатын қалыптастыру мен мемлекеттік сатып алу кезінде бағаның көтерілуіне жол бермеуге мүмкіндік беретін «Баға дерекқоры» талдамалы модулін енгізу туралы да айтып өтті.

 

Соңғы жазбалар

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...

Өзбекстанда мемлекеттік басқаруда жасанды интеллект қолдану мәселесін талқылады

0
Самарқандта Орталық Азия, Кавказ және Азия-Тынық мұхиты өңірлерінен 40-тан астам мемлекеттік қызметші БҰҰ Мемлекеттік қызмет форумы аясында «Цифрлық трансформация стратегияларын іске асыру және жасанды...