АқпаратҚазақ тілі Испания патшалығында да үйретілетін болды

Қазақ тілі Испания патшалығында да үйретілетін болды

 

KazUnite – «Tildes.kz» клубының филиалы өз мүшелерінің сұранысы аясында Испания Патшалығында да ашылды. Аталған клуб іргетасы 2022 жылы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Астана қалалық филиалының қолдауымен қаланды.

Алғашқы шетелдік филиалдың ашылу салтанатында аталған клубтың бастамасын қолдаған делегаттар өздерін күтіп алған бір топ испандықтарды қазақ тіліне қызықтыратын дәрістер оқып, ана тіліміздің қолданыс аясын кеңейтуге үлес қосты. Себебі, делегаттар арасында «Tildes» клубының ережесіне сәйкес арнайы іріктеуден өткен тіл мамандары да бар.

Нәтижесінде Испания патшалығында ашылған «Tildes»  клубын қолдап келген команда 5 күн бойы тілімізді, ұлттық дәстүр мен мәдениетімізді испандықтарға дәріптеп, есте қаларлықтай естеліктер тарту етіп, сапар бағдарламасында қамтылған Испаниямен іргелес жатқан Португалия еліне де барып, испан және португал университеттері мен мектептерінің тілдерді оқыту саласындағы сарапшы тіл мамандарымен тәжірибе алмасты. «Тілдес» тарапынан «Мұғалімдерге арналған заманауи қазақ тілі: жаңа мақсаттарға жаңа жол табу» курсы да сәтті өткізілді.

Айта кету ләзім, Испанияда қазақ тілін үйретуге Испанияның Гранада қаласындағы AIFET Директорлар кеңесінің мүшесі Мария Мартинес Гонсалес өзіндік ерекше септігін тигізіп, мұрындық болды.  Белсенді азаматша заңгер, әлеуметтік ғылымдар магистрі, Адам денсаулығы қауіпсіздігін зерттеу магистрі, Еуроодақтың бірнеше мемлекеттік мекемелері мен үкіметтік ұйымдарында ұлттық және еуропалық деңгейдегі жобалардың аға кеңесшісі және бағалаушысы. Кәсіпкерлікке, мәдениетке, білімге және әлеуметтік ғылымдарға қатысты 100-ден астам халықаралық жобаларға қатысып, ұйымдастырған тұлға үшін бұл шараға ұйытқы болу дәстүрлі дағды болғаны сөзсіз. Ол  сонымен қатар көшбасшылық, процестерді ұйымдастыру, топтық жұмыс және коммуникация бойынша тренингтер өткізетін көптеген компанияларда оқытушы болған.

Сондай-ақ бұл ілкімді істе үйлестірушілік қызметін ұсынған Үміт Дәуленованың да еңбегі айрықша. Ол «La Asociación Europea de Lengua y Cultura Kazaja «Tildes» en el Reino de España» клубының жетекшісі ретінде түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырды.

«Испанияның Гранада қаласында осыдан біраз ғасыр бұрын қалған мұсылмандардың айрықша ізі бар. Мұны біз сарғайған тарих беттерінен білеміз. Лиссабон да өте көрікті, жанға жылулық ұялататын қала. Оңтүсік Европаның алпауыт өңірлеріне міне бүгін қазақтардың да табаны тиіп жатыр. Жәй келмей, ана тілімізді өзге ұлт өкілдеріне үйрететін ұлы миссиямен келгендеріңіздің өзі бойдағы руханияттарыңызды, патриоттық сезімдеріңізді айқындап тұрғандай. Алған бағыттарыңыз берекелі болсын! Қасиетті тіліміз әлемнің әр бұрышынан құрмет пен қызығушылыққа ие болып жатса, бұл ұлт ретіндегі біздің жетістігіміз. Және, бұл ұлы жолда сіздердің көлдей үлестеріңіз бар деп білемін», – деді Үміт Дәуленова.

Гранада қаласында тұратын Үміт Каналбекқызы «Tildes.kz» клубы жобасын қолдап, «La Asociación Europea de Lengua y Cultura Kazaja «Tildes» en el Reino de España» клубын ағымдағы жылдың 3 тамызында Испания патшалығында заңды тіркеуден өткізіп, ашып берді. 30 жыл Атыраудағы Құлсарыда мұнай өндіретін компанияда абыройлы жұмыс жасаған ол шетелге қоныс аударғаннан кейін мейрамхана және банкет залдарында басшылық етіп, соңғы 15 жылдан бері  Аджип КСО компаниясында өңірлік және халықаралық стандарттау жүйесінде белсенді қызмет етіп келген. Испанияның Гранада қаласында қоғам белсенедісі болып өзінің елін-жерін Еуропалықтарға танытып, дәріптеуде зор үлес қосып отыр. Еуропалық іскер әйелдердің қолқа салуымен «Мөлдір Үміт» өмірбаяндық кітабын жазып, осы атаумен дүниежүзілік қазақ қыздары ассоциациясының негізін қалаған.

«Осындай танымы терең тұлғалардың үздіксіз қолдауымен  ашылған клуб қызметі әрі қарай жанданып кетеріне риясыз сенеміз. Бір қуантарлығы, бізге «Тілдес» филиалын Германия мен Португалиядан да ашуға ұсыныс түсуде. Бұл ақжолтай хабарды да тезірек есту үшін жұмыстануға ниеттіміз. Бұл жобаның шетелдегі қызметін, сапарын, ашылуын ұйымдастыруға бірнеше ұйымдар және клуб мүшелерінің өзі көмектесті. Соның ішінде Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Алматы облыстық филиалының да еңбегін ерекше атап өткеніміз жөн», – деді жоба жетекшісі Мақсат Мәлік пен жобаның продюсері Лариса Алдаберген.

«Tildes.kz» жүйелі жұмыстарын жандандыра бермек.

 

Соңғы жазбалар

«Қай жерде емес, қандай ақпарат айтқаның маңызды»: New York Film Academy құндылығы неде

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы «Таңшолпан» таңғы ақпаратты-сазды бағдарламасының және Ауа райы болжамының жүргізушісі, «Болашақ» Халықаралық стипендиясының иегері, New York Film Academy түлегі...

Моңғолиядағы Баян-Өлгий аймағының әкімі болып этникалық қазақ тағайындалды

0
БАЯН-ӨЛГИЙ. KazUnite - Моңғолия премьер-министрінің бұйрығымен Баян-Өлгий аймағының әкімі қызметіне Заңғар Есентайұлы тағайындалды. Бұл туралы Kaznews ақпарат агенттігі хабарлады. Аталған БАҚ-тың дерегіне сүйенсек, жаңадан сайланған Баян-Өлгий...

TPAМПлин бe, тықыp тaянy мa: Дoнaльд Tpaмптың билiккe кeлyi әлeмгe қaлaй әcep eтeдi

0
HЬЮ-ЙOPК. KazUnite - Қaй кeз бoлcын әлeмнiң нaзapынaн әcтe тыc қaлмaйтын Aмepикa Құpaмa Штaттapы биылғы қapaшa aйы бacтaлғaлы бepi тiптeн жaһaнның бacты жaңaлығынaн түcпeй...

Қазақстанда Мемлекеттік сатып алуда қандай өзгерістер болып жатыр

0
АСТАНА. KazUnite - Мемлекеттік сатып алу – жаңашылдықтарды, озық технологиялар мен отандық өндірісті ілгерілетуге ықпал ететін тиімді тетік. Осыған орай ҚР Қаржы министрлігі өңірлерде...

Орталық Азия мен Қытай мемлекеттік басқару саласындағы ынтымақтастығын нығайтуда

0
Бейжіңде Қытай және Орталық Азия елдері: Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан және Тәжікстанның мемлекеттік басқару академиялары басшылары қатысуымен семинар өтті. Онда жиналғандар мемлекеттік басқару саласындағы...