АқпаратCудьяларды конкурс арқылы іріктеу жетілдіріле түседі

Cудьяларды конкурс арқылы іріктеу жетілдіріле түседі

 

Астана мемлекеттік қызмет хабы мен Жоғары Сот Кеңесі арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Келісім аясында тараптар судья кадрларын іріктеу процестерін жетілдіру, олардың әлеуетін арттыру және осы саладағы үздік халықаралық тәжірибемен танысу мәселелерінде ынтымақтастасуға уағдаласты.

Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитет төрағасы Алихан Байменов пен Жоғары Сот Кеңесі төрағасы Денис Шипптің кездесуі кезінде келісімге қол қойылды.

Денис Шипп өз сөзінде мемлекеттік қызмет саласында кеңінен қолданылатын әдістер мен құралдар судьяларды іріктеу кезінде де пайдаланылатынын атап өтті. Сондай-ақ, ол Кеңестің функциялары мен міндеттеріне тоқтала отырып, судьяларды конкурс арқылы іріктеу, олардың тәуелсіздігі мен дербес құқығын күшейтумен бірге тәртіптік жауапкершілік тетіктерін де жетілдіру мәселелеріне назар аудартты.

Алихан Байменов өз кезегінде Хаб пен Жоғарғы Сот Кеңесі арасындағы әріптестіктің маңыздылығына ерекше тоқталды. Өйткені, оның айтуынша, сот жүйесі мен әділ сот төрелігін іске асыруға деген сенім судьялар корпусын іріктеу сапасына тікелей байланысты. Сондықтан Хаб судья кадрларын іріктеу мәселелерінде сараптама-талдау жағынан қолдау көрсетуін одан әрі жалғастырмақ.

2021 жылдың қыркүйегінен Хаб пен Жоғарғы Сот Кеңесі әріптестігі ауқымында судьяларды іріктеу құралдарын жетілдіру, цифрландыруды енгізу, судьяларды іріктеу жүйесіне қоғамдық сенімді анықтау бойынша жобалар жүзеге асты.

Әлемнің 43 елінен тұратын Астана мемлекеттік қызмет хабы дүние жүзіндегі мемлекеттік қызметті реформалау бойынша білімі мен сараптау қауқары зор 90-нан астам институционалдық серіктеспен әріптестік орнатқан

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...