АқпаратТаспагерлер арасындағы халықаралық байқау қорытындыланды

Таспагерлер арасындағы халықаралық байқау қорытындыланды

 

НЬЮ-ЙОРК. Экологиялық білім күніне байланысты АҚШ-тағы KazUnite медиа компаниясы ұйымдастырған таспагер мамандар арасындағы «Табиғатты аялау» атты халықаралық бейне материал байқауының қорытындысы шығарылды.

Халықаралық байқауға Қазақстанның Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Түркістан, Қызылорда, Абай және басқа да бірқатар облыстары мен АҚШ, Италия, Түркия, Моңғолия сияқты елдердің таспагер мамандарынан экология тақырыбындағы 50-ден аса бейне материал келіп түсті.

Каллаж: KazUnite

Байқауға кинорежиссер Даниэль Эрнандес Алонзо (Нью-Йорк), «Қазақстан» РТРК» АҚ «Qazaqstan» ҰТА-ның, Президент press pool қызметкері, Ақпарат саласының үздігі, «Құрмет иесі» марапатының иегері, белгілі қоюшы-телеоператор Жанболат Қобдабай (Астана), Қазақстан Киноматографистер лигасының мүшесі, «Taspafilms» кинокомпаниясының директоры, режиссер-продюсер Асхат Мұсабай (Чикаго), Журналистер арасындағы халықаралық және республикалық конкурстардың жеңімпазы, Edunews.kz ақпарат агенттігінің тілшісі, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, аналитик журналист, климат өзгеруіне қатысты гранттық жобалардың жеңімпазы, New York Film Academy түлегі Рахила Бекназарқызы (Нью-Йорк) сынды сала мамандары қазылық етті.

Сонымен, қазылар алқасының шешімімен көпшілік дауыс бойынша 1-орынды Түркияның Анкара қаласында оқитын Арман Қуанышбек, 2-орынды Эмма (АҚШ, Нью-Йорк), 3-орынды Ерлан Бапанов (Қазақстан, Абай облысы) иеленді.

Жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Айта кетсек, жыл сайын 15 сәуірде БҰҰ көптеген елдегі қоғамдарды экологиялық білімін жетілдіруге шақырады. Бұл ретте әлем елдерінде әртүрлі экологиялық іс-шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылып тұрады. Мысалы, Қазақстанда 2024 жылдың сәуір айында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы қолға алынып, елдің әр өңірінде тазалық жұмыстары ұдайы жүргізіліп келеді.

KazUnite медиа компаниясының директоры Нәзира Байырбек бастаған ұйымдастыру алқасы жүлдегерлерді құттықтай отырып, байқауға қатысушыларға және әділ қазылар мүшелеріне зор алғыс білдіреді.

 

Соңғы жазбалар

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...

Электрондық қаржы орталығы Минскіде өткен IV Еуразиялық экономикалық форумға қатысты

0
МИНСК. KazUnite - Минскіде IV Еуразиялық экономикалық форум өткізіліп, ол Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына арналып ұйымдастырылды. Алқалы жиынға ЕАЭО мүше елдердің мемлекет басшылары...