Ақпарат4 шілде – Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік күні

4 шілде – Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік күні

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – Бүгін Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік күні. Бұл күнді америкалықтар Тәуелсіздік күні деп қана емес, кейде жәйне ғана “Төртінші шілде” (July 4th) деп атай салады.

Бұл күн алғаш рет 1941 жылы Америка Құрама Штаттарында федералды мерекесі болып бекітілген. Алайда Америкада Тәуелсіздік мерекесін атап өту дәстүрі 18-ғасыр мен Америка революциясынан бастау алған. Дәл осы күні қарапайым халық арасында және Ақ үйде де үлкен мереке.

1776 жылы 2 шілдеде құрлықтық конгресс тәуелсіздік үшін дауыс берген. Ал екі күннен кейін 13 колониядан келген делегаттар Томас Джефферсон жасаған тарихи құжат – Тәуелсіздік декларациясын қабылдаған еді.

Осылайша, Америка бастапқыда 13 штат қана болып, АҚШ болып бірігіп, Англиядан тәуелсіздік алып, бөлініп шыққан.

АҚШ-тың Тәуелсіздігін сол тұста Англия қолдамаса да, бірқатар Еуропа елдері қолдады. Франция ерекше тілектестік танытқан. Кейін арада жүз жыл өткенде Нью-Йорк қаласында тұрған биік Азаттық монументін Америкаға сыйға тартқаны да сондықтан еді.

Тәуелсіздік, азаттық ұғымын қастерлегендіктен, америкалықтар Тәуелсіздік мерекесін тойлауды екі күн бұрын бастап кетті.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Kelly Kopp (@newyorkcitykopp)

Ал бүгін, 4 шілде күні мереке құрметіне күні бойы барлық қалада мерекедік шерулер, концерттер, отбасылық жиындар мен барбекю жасау кештері, отшашулар болады.

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...