АқпаратАмерикалық ағылшын тілі – қай ағылшын тілі?

Америкалық ағылшын тілі – қай ағылшын тілі?

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – Америка мен Британия халқының екеуі де ағылшын тілінде сөйлегенімен, олардың тілінде аздаған айырмашылық бар. Cол айырмашылықтардың бірқатарын талдап, оқырман назарына ұсынаvsp.

Британдық ағылшын тілінде демалысқа шығуды «go on holiday» десе, америкалықтар оны «go on vacation» дейді. Британдық ағылшын тілінде күлшені «biscuit» десе, америкалықтар «cookie» дей салады. Британдықтар киноны «the cinema» десе, америкалықтар оны «the movie» дейді. Күз мезгілін британдықтар «autumn» десе, америкалықтар «fall» дей салады. Екі елдің тілінің грамматикасында да аздаған айырмашылық бар. Америкада «сен оны істеуге міндетті емессің» дегенді, «you do not need» десе, британдықтар «You needn’t» дей салады. Бұлай сөйлеу америкалықтар үшін қате болып саналады.

Америкалықтар өткен шақта міндетті түрде -ed жалғап «dreamed» (армандады), «learned» (үйренді) деп сөйлесе, британдықтар «learnt», «dreamt» деп, -ed емес, тек -t жалғай салуы мүмкін.  Екі елдің тіліндегі spelling, яғни жазуында да айырмашылық көп.

Жалпы, америкалық ағылшын тілі британдық тілден оңайырақ саналады. Өйткені америкалық ағылшын тілін жасағанда сөз қалай айтылса, соған жақындау етіп жазу көзделген. Мұнда балалар жаңадан мектепке барып, әріп үйрене бастағанда да, бастапқы кездері «қалай естідің, солай жаз» деп талап етіледі.

Сонымен АҚШ пен Британия неге бірдей жазып, бірдей сөйлей бермейді?  Түбі, тамыры, тұтас құрылымы, грамматикасы, таңбасы – бәрі бірдей болса да, америкалықтардың “Америкалық ағылшын тілі” деп тілді Британияның тілінен бөліп алуына не себеп болды? Бұл тіл онсыз да Америка құрлығына британдықтар арқылы жетіп еді ғой? Соны айтайық.

Бұл тілді бөліп, өз алдына бөлек тіл етіп қалыптастырған – Ной Уэбстер (Noah Webster). Вашингтон, Франклин, Линкольндер АҚШ-тың саяси тәуелсіздігінің атасы саналса, Ной Уэбстер мәдени, рухани тәуелсіздік әкесі саналады.

Тілді бөлгенде ол америкалықтардың жазу тілін оңайлатуды ғана көздеген жоқ, елдің Британиядан рухани азаттық алып, өз алдына бөлек, өз тілі бар, өзінің тіл заңдары бар ел болуын қалады. Ал қазіргі Америка Құрама Штаттарындағы тегі, ұлты, діні басқа, әлемнің әр түкпірінен иммигрант болып келген халықты «Америкалық ағылшын тілімен» біріктіргісі келді. Осы мақсатта Вебстер 25 жасынан бастап, «Америкалық ағылшын тілінің» түсіндірме сөздігін жасауға кірісті.

Біздің қазірге дейін пайдаланып жүрген Merriam Webster сөздігі – сол 1828 жылы Ной Уэбстер жасаған еңбек. Әрине, Уэбстердің бұл ісін британдықтар ұнатқан жоқ.

Өктем елдер кеше ғана өзіне бодан болған елдің өз тілін еркіндігінің символы ретінде дамытып, рухани тәуелсіз болғанына оңай көнсін бе? Бірақ бұл жерде бәрібір «Америкалық ағылшын тілінің» өзегі «Британдық ағылшын тілі» болды.

Десе де, өздерінің «Америкалық ағылшын тілін» жасап алған америкалықтар бір тіл төңірегіне біріге алды. Сол бірліктің арқасында қуатты мемлекетке айналды.

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...