АқпаратАҚШ-та оқушылар мектеп бюджетіне араласады

АҚШ-та оқушылар мектеп бюджетіне араласады

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – Нью-Йорктегі High School-да, яғни жоғары мектепте оқитын қызыммен жолда келе жатқанбыз. Бір сәтте оның электронды поштасына хат келді. Бірге оқыдық. Хатты жіберген мектеп директоры екен. (Мұнда мектеп директорын Principle дейді.)

«Сәлеметсіздер ме, студенттер! Мектебіміз бірлескен бюджет бойынша 2 750 $ алмақшы. Біз осы қаржыны қалай жұмсау қажет деген мәселе бойынша сіздің ойыңызды білгіміз келеді», – деп басталған хат. Әрі қарай мектеп директоры: «бюджетке түскен ақшаны тиімді жұмсау үшін оған не сатып алған дұрыс? Сенің ойыңша мектепке не жетіспейді?» деген сияқты сұрақтармен сауалнама жіберіпті.

Сөйтіп бір апта ішінде жауабын жолдауын сұраған. Хатты оқыған соң қызым өткен аптада мектепте ғылым сабағында да оқытушысы қандай приборлардың қажет екенін, қандай зертханалық тәжірибелер жасағылары келетінін оқушылармен бірге талқылағанын айтты.

Ал спорт сабағында олар залда қолданатын доп, «секіртпе» (skipping ropе) сияқты заттары ескіргенін ескеріп, оларды сатып алатын заттар тізіміне қостыртқан. Енді, міне, соңғы шешім қабылданбастан бұрын мектеп директорының өзі оқушыларға хат жіберіп, олардың пікірін сұрап отыр.

Бюджеттің жұмсалуына осылай оқушылардың өздері де араласады. Қызымның әңгімесін тыңдап отырып, мен оның бұл елді жақсы көрмеуі мүмкін емес екенін түсіндім. Неге екенін түсініп отырған шығарсыздар. Балаға мектеп бюджетіне араласуға құқық берілуі АҚШ-та мектеп жасындағы баланың өзіне мемлекеттік мекемелердің үлкен құрметпен қарайтынын көрсетіп тұр.

Сонымен бірге ол баланың өзін осы елдегі маңызды бір тұлға сезінуіне жол ашып, оның жауапкершілігін қалыптастырады.  Бала өзі оқитын мектепке ақша қайдан, қалай келіп, ол қалай жұмсалып жатқанын біледі.  Бұл АҚШ-та бюджеттің ашықтығы сақталатынын да көрсетеді.

Балаға осынша ақпарат беріліп отыр. Ең бастысы, ақпарат беріліп қана қоймай, өзі оқитын мектептің бюджетіне араласуға, оның мақсатты жұмсалуына ықпал етуге шақырады. Бұл бір жағынан баланың ерте жастан қаржылық сауатын қалыптастырып, ақша менеджментін игеруіне де ықпал етеді емес пе?!

P.S: Ал мен өз еліміз жайлы ойлап, қиялдап кеттім…

 

Соңғы жазбалар

ГРАФ МОНТЕ-КРИСТО – КЕШІГІП ҚАЙТҚАН КЕК

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Кездейсоқ қазынаға тап болған адамның ақшасы көбінесе қолға ұстаған мұз тәрізді еріп кетеді. Ал мақсаты бар адамның қолында ол мүмкіндіктер мен...

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды. Сапар барысында ол БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді. Сондай-ақ ҚР Президенті «Орталық...

Орталық Азия мен Кавказ елдерінің үкімет өкілдері Корея Республикасының озық цифрлық тәжірибесін зерделеуде

0
Орталық Азия және Кавказдың жеті елінен келген 20-дан астам мемлекеттік қызметшіден тұратын делегация мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтерді табысты цифрлық трансформациялау үшін озық тәжірибелер,...

Бәсекелесі жоқ бизнес – кәсіпкер Кемелбек Әбдуәлімен сұхбат

0
KazUnite - Халық тұрмысында мал терілерін қарапайым жолмен ұқсату – көптен бері келе жатқан кәсіптің бірі. Халық өнеркәсіпшілігіне аса мән берген қазақ халқы тері...

Нью-Йоркте тұратын қазақ қызы Семей маңындағы ауылына сәлем жолдады

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - «Америкадағы өмір салт-дәстүрге, қазақтың ұлттық құндылығын тереңірек тануға деген қызығушылықты арттырды». Бұл туралы Нью-Йоркте тұратын қазақ қызы Розлана Ерғалиева айтты. «Адамға жүрген...