АқпаратАстана мемлекеттік қызмет хабы Американдық мемлекеттік басқару қоғамымен ынтымақтастықты нығайтуда

Астана мемлекеттік қызмет хабы Американдық мемлекеттік басқару қоғамымен ынтымақтастықты нығайтуда

 

Астана мемлекеттік қызмет хабы (Хаб) АҚШ-та (Джексонвилл, Флорида) Американың мемлекеттік басқару қоғамының (ASPA) жыл сайынғы конференциясы аясында «Посткеңестік елдердегі мемлекеттік басқаруды трансформациялау: жаңа шындықтағы әртүрлілік» атты панельдік сессиясын өткізді.

Панельдік сессияcы ашылуында Хабтың Басқарушы комитеті төрағасы Алихан Байменов «посткеңестік елдер ірі әлеуметтік, экономикалық және саяси реформалардың ұзақ жолынан өтті, олардың мемлекеттік басқару жүйелері айтарлықтай модернизацияланды» деп атап өтті. Алихан Байменов сондай-ақ аймақтағы трансформация және модернизация тәжірибесін зерттеу мен талдаудың жоқтығын атап өтті, сондықтан «осы процестерді практиктермен де, ғалымдармен де бірлесе зерттеу – Хаб басымдықтарының бірі» екенін айтты.

ASPA атқарушы директоры Уильям Шилдс «соңғы үш жылдағы оқиғалар кәсіби және жеке өмірде көптеген қиындықтар менмәселелер әкелді, бірақ сонымен бірге олар шынымен де Астана мемлекеттік қызмет хабы сияқты ұйым жұмысының маңыздылығына қатысты өзектілік сезімін тудырады» деп атап өтті. Ол ASPA-ның Хаб серіктестерінің бірі екендігін және қысқа уақыт ішінде, әсіресе қиын кезеңде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгендерін айтты.

Панельдік сессияның негізгі бөлігінде уәкілетті мемлекеттік органдар жетекшілері, Әзербайжан, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан және Латвияның ғалымдары мен практиктері өз елдерінің мемлекеттік басқаруды трансформациялау саласындағы тәжірибесі және алдағы бағдарларымен таныстырып, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мемлекеттік басқарудың мүмкіндігі мен тиімділігі бойынша өз ұсыныстарын берді.

Ашық пікірталас барысында құрметті профессор және Ұлттық мемлекеттік басқару академиясының мүшесі доктор Честер А.Ньюланд, мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру теориясының негізін қалаушы профессор Джеймс Л.Перри, Экономика орталығының бас кеңесшісі және тең құрылтайшысы доктор Кристин Лайтнер мен Қазақстандағы HR-менеджерлер қауымдастығының Үйлестіру кеңесінің президенті Гүлмира Раисова өздерінің кәсіби тәжірибесі мен білімі тұрғысынан аймақтағы мемлекеттік басқаруды дамыту және трансформациялау туралы ойлары мен көзқарастарымен бөлісті.

Панельдік сессия соңғы отыз жыл ішінде мемлекеттік қызметте қол жеткізілген жетістіктерді, сондай-ақ өтпелі кезеңдегі елдер тап болған қиындықтарды, мемлекеттік органдардың әлеуетін күшейту бойынша алынған сабақтар мен озық тәжірибелерді талқылау үшін академиялық орта өкілдері мен мемлекеттік басқару практиктерін басын қосты.

Оған қоса ASPA жыл сайынғы конференциясының халықаралық ассамблеясы барысында Алихан Байменов пен Хабқа мемлекеттік басқару саласындағы арнайы марапат берілді.

Марапатты ASPA президенті доктор Алан Розенбаум, ASPA халықаралық директоры профессор Пан Сук Ким, ASPA іріктеу комиссиясының төрағасы профессор Джеймс Перри, ASPA атқарушы директоры Уильям Шилдс тапсырды.

Марапатты тапсыру кезінде профессор Перри ASPA халықаралық марапатты Алихан Бәйменов пен Астана мемлекеттік қызмет хабына халықаралық деңгейдегі мемлекеттік басқару зерттеулері мен ісіне деген адалдығы мен қызметі үшін тапсырылады деп атап өтті.

Байменов марапатты мемлекеттік басқару саласындағы ең танымал кәсіби қауымдастықтан алу мәртебе екенін және бұл марапат барлық қатысушы елдердің және серіктестер мен Хаб хатшылығының бірлескен жұмысының ортақ жетістігі екенін атап өтті.

 

Анықтама үшін:

2013 жылы Қазақстан Үкіметі мен БҰҰДБ бастамасымен құрылған Астана мемлекеттік қызмет хабына бүгінде 42 қатысушы мемлекет пен 80 институционалдық серіктестер кіреді. Хаб – қатысушы елдердің қажеттіліктеріне жауап беретін икемді күн тәртібі бар мемлекеттік қызмет саласындағы тәжірибе мен білім алмасуға арналған институционалдық алаң

 

Соңғы жазбалар

ГРАФ МОНТЕ-КРИСТО – КЕШІГІП ҚАЙТҚАН КЕК

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Кездейсоқ қазынаға тап болған адамның ақшасы көбінесе қолға ұстаған мұз тәрізді еріп кетеді. Ал мақсаты бар адамның қолында ол мүмкіндіктер мен...

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды. Сапар барысында ол БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді. Сондай-ақ ҚР Президенті «Орталық...

Орталық Азия мен Кавказ елдерінің үкімет өкілдері Корея Республикасының озық цифрлық тәжірибесін зерделеуде

0
Орталық Азия және Кавказдың жеті елінен келген 20-дан астам мемлекеттік қызметшіден тұратын делегация мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтерді табысты цифрлық трансформациялау үшін озық тәжірибелер,...

Бәсекелесі жоқ бизнес – кәсіпкер Кемелбек Әбдуәлімен сұхбат

0
KazUnite - Халық тұрмысында мал терілерін қарапайым жолмен ұқсату – көптен бері келе жатқан кәсіптің бірі. Халық өнеркәсіпшілігіне аса мән берген қазақ халқы тері...

Нью-Йоркте тұратын қазақ қызы Семей маңындағы ауылына сәлем жолдады

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - «Америкадағы өмір салт-дәстүрге, қазақтың ұлттық құндылығын тереңірек тануға деген қызығушылықты арттырды». Бұл туралы Нью-Йоркте тұратын қазақ қызы Розлана Ерғалиева айтты. «Адамға жүрген...