АқпаратМарат Омаров Голливуд фильміне түсіп жатыр

Марат Омаров Голливуд фильміне түсіп жатыр

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – Көпшілікке «Анашым», «Қыз сыны», «Сыңарым» «Әке туралы толғау»  әндерімен танымал әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Марат Омаров Голливудта «Малена» атты шытырман оқиғалы фильмге түсіп жатыр.

«Бала кезімізден киноларын тамсана көріп өскен «Нью-Йорк фильм академиясы», «Warner Brothers», «Universal Studios» киностудияларынан қол созым жерде жүрген соң ба, осы орта маған қатты әсер етті. Нәтижесінде кастингтен өтіп, «Малена» фильміне түсуге арнайы шақырту алдым. Бұл – криминалды-экшн жанрындағы фильм. Мен фильмде оққағардың рөлін сомдаймын. Туынды эмигранттардың өмірі жайлы, соның ішінде Малена деген қыздың Мексикадан Америкаға өтіп келгендегі бастан кешкен қиындықтары көрсетіледі», – деді Марат Омаров.

Сонымен қатар ол киноға кастинг жасалып, басқа да фильмдерге түсуге ниетті екенін айтады.

«Қазақтарды, әсіресе, еліміздің спортшыларын ерекше құрметтейтін Нью-Йорк фильм академиясының директоры Маклер деген азаматпен таныстым. Болашақта киноға түсу үшін ол кісімен келісімшарт жасасып жатырмыз», – деп қосты ол.

Естеріңізге салсақ, біраз уақыт бұрын Марат Омаров KazUnite тілшісіне берген сұхбатында Голливуд фильмдеріне түсуге үміттеніп жүргенін айтқан болатын. Сұхбаттың толық нұсқасын осы сілтемеден оқи аласыз.

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...