АқпаратӘбілпейіз сұлтан – XVIII ғасырдағы көрнекті мемлекет қайраткері

Әбілпейіз сұлтан – XVIII ғасырдағы көрнекті мемлекет қайраткері

 

СЕМЕЙ. KazUnite – «Кетбұқа-Төлегетай» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен және Семейдегі Әлихан Бөкейхан университетінің қолдауымен «Әбілпейіз сұлтан – XVIII ғасырдағы көрнекті мемлекет қайраткері» атты ғылыми-танымдық конференция өтті.

Конференцияның ашылуы Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында көрмемен басталды.

Ақылы кемел, сабырлы, биязы, атақ пен мәнсапқа құмартпаған, өз заманында ел мүддесінен шығып, қызметі мен тарихи міндеттерін абыроймен атқара білген Әбілпейіз сұлтанның Шығыс өңіріне келу тарихы мен қайраткерлік бейнесін ашқан көрмеге қатысушылар ризашылық танытты. Әсіресе, оның Семей қаласын қалыптастырудағы істері тың деректермен алғаш рет көпшілік назарына ұсынылды.

Конференция «Кетбұқа-Төлегетай» халықаралық қоғамдық қорының үйлестірушісі Манарбек Мұхамеджановтың модераторлығымен өтті. Іс-шарада алғашқы болып сөз алған Әлихан Бөкейхан университетінің проректоры Айрат Базенов конференцияға қатысушыларға университеттің Президенті Шырын Құрманбаеваның ықыласын жеткізе отырып, конференция жұмысына сәттілік тіледі.

«Кетбұқа-Төлегетай» халықаралық қоғамдық қорының Президенті Қайрат Мусин өзінің құттықтау сөзінде дауылпаз ақын Дулат Бабатайұлы: «Әбілпейіз арғы атаң, Алтын тұғыр сұңқар-ды» деп бағалаған Қазақ хандығының XVIII ғасырдағы көрнекті ұлыс билеушісі, мемлекет және қоғам қайраткері – Әбілпейіз сұлтанның қайраткерлік тұлғасын анықтауға қордың үлкен дайындықпен келгенін жеткізді. Уақыттың адамды да, қоғамды да, заманды да өзгертетінін, соған орай құндылықтар да қайта қарастырылып, басқаша бағалана бастайтынын айтты.

Тарихты зерттеу, жоқты түгендеу жұмысы қор тарапынан ешқашан тоқтамайды дей келе, Мемлекет басшысының Жошы Ұлысының 800 жылдығын атап өту мақсатын қойғанын, бұл іс-шара да соның аясында өтіп отырғанын жеткізді.

Конференцияда Шәкәрім атындағы Семей университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Мұхтарбек Кәрімов «Әбілпейіз сұлтан: тарих және тұлға», Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық Шыңғысхан академиясының академигі Жәди Шәкенұлы «Қытай деректеріндегі Әбілпейіз және Көгедайға қатысты кейбір мәліметтер», «Кетбұқа-Төлегетай» халықаралық қоғамдық қорының тарих пен мәдениетті балама зерделеу жобасының жетекшісі Айбек Кәрімов «Шыңғыстау-Аякөз өңірінде қалыптасқан «Билер кеңесі – Төре» басқару жүйесі», тарихшы, өлкетанушы Мұхаметбек Асылбеков «Сыбанқұл сұлтан бастаған Әбілпейіз ұрпақтарының XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы отаршылдыққа қарсы күресі», Назарбаев университеті түркітану және қазақ тілі кафедрасының оқытушы ассистенті Айдын Жүнісханов «Семей қаласының қалыптасу тарихындағы Әбілпейіз сұлтанның ролі: тың тұжырымдар және болашақ зерттеу бағыттары» тақырыбында баяндамалар жасады.

Конференцияның жұмысы туралы «Ақсуат арайы» газетінің редакторы Ержан Құттыбаев, облыстың құрметті ақсақалы Маймұрат Уалиев, тарихшы ғалым Әлихан Омарбеков, Қостанайдағы «Кетбұқа-Төлегетай» халықаралық қоғамдық қорының филиалының төрағасы Даутқан Қайшантаев, өлкетанушы Бақытбек Жаманбаев, Астанадағы «Ел ағалары кеңесі» қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі Асхат Тұғысов ойларын ортаға салып, конференция жұмысына жоғары баға берді. Пікір білдірушілер конференция тақырыбы мен жасалған баяндамалар, оның мазмұнының тың ой мен тұжырымдар тұрғысынан маңызды екеніне ерекше назар аударды.

 

Соңғы жазбалар

«Табиғатты аялау»: KazUnite компаниясы бейнематериалдар байқауын жариялады

0
НЬЮ-ЙОРК. 15 сәуір – Экологиялық білім күніне байланысты АҚШ-тағы KazUnite медиа компаниясы әлемнің түкпір-түкпіріндегі қазақ жастары арасында «Табиғатты аялау» тақырыбында халықаралық бейне материал байқауын...

Саади шығармашылығы және қазақ даналығы: парсы ойшылының қазақ әдеби дәстүріне әсері

0
АСТАНА. KazUnite - Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің мәдени кеңесшісі Али Акбар Талеби Матиннің парсы ойшылы Саади Ширазидің шығармашылығының қазақ әдеби дәстүріне әсері...

Бас құрау және бала сүю: «Зорастыр бүй деді» кітабы

0
«Зорастыр бүй деді» кітабының Бас құрау және бала сүю туралы тарауының түпнұсқадан аударылған қазақша нұсқасын оқырман назарына ұсынамыз. – Інішек, саған қояр бір сұрағым...

АҚШ-тағы грин карта иелерінің міндеттері мен құқықтары қандай

0
ВАШИНГТОН. KazUnite - Трамп әкімшілігі құжатсыз және заңсыз иммигранттарды депортациялау науқанын жалғастыра отырып, енді АҚШ-тың грин карта иелеріне назар аударды. Fox News арнасына берген...

Ирандықтар Наурызды қалай қарсы алады

0
АСТАНА. KazUnite - Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мерекесі қарсаңында Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Али Акбар Талеби Матиннің...